Крузенштерн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:55, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Крузенштерн Иван Федорович (19.11.1770, Хагуди, Эстония – 24.8.1846, Таллинн) – саяхатшы, адмирал, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1806 жылдан). Кедейленген дворян отбасында дүниеге келген. Шіркеу-приход мектебін, одан кейін Кронштадтағы Теңіз кадет корпусын бітірген. 1789 ж. “Мстислав” кемесінің мичманы ретінде шведтермен соғыста көрсеткен ерлігі үшін лейтенант атағын алды. 1793 ж. теңізде жүзу ісін жетілдіру үшін Англияға жіберілді. Америка жағалауына, Бермуда және Кіші Антиль аралдарына, Қытайға және Үндістанға жүзу сапарларына қатынасты. 1799 ж. Санкт-Петербургке қайтып оралғаннан кейін Теңіз дүние жүзін айналу экспедициясын ұйымдастыру жөнінен жоспар ұсынды. 1803 – 06 ж. К. басшылығымен орыстардың тұңғыш дүние жүзін айналып шығу экспедициясы жүзеге асырылды. “Надежда” және “Нева” (командирі Ю.Ф.Лисянский) кемелері Кронштадтан шығып, Атлант мұхиты, Горн мүйісі арқылы Тынық мұхиттағы Гавайи аралдарына барды. Онан әрі “Нева” орыс Аляскасына беттеп, “Надежда” Камчаткаға және Жапонияға жетті. Екі кеме де Қытайды және Индонезия аралдарын басып, Үнді және Атлант мұхиттары арқылы Кронштадқа қайтып оралды. Экспедиция кезінде жүргізілген океаногр. бақылаулар дүниежүз. мұхит бойынша судың терең қабаттарын зерттеуге бастама берді. Экспедиция Камчатка мен Аляскадағы орыс иеліктеріне арзан теңіз жолын ашты. 1824 – 26 ж. К. Тынық мұхиттың тұңғыш атласын жасап, басып шығарды. 1826 ж. контрадмирал атағын алды. 16 жыл бойы Теңіз корпусын басқарды.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>.

Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Крузенштерн|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}