Коэффициент

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:08, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Коэффициент(лат. co – бірге, бірлесіп және effіcіens – жасап шығаратын) – әріптік өрнектегі сандық көбейткіш, белгісіздің кез келген дәрежесіндегі белгілі көбейткіші немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші. <math>~\frac{3}{4} a^{2}b^{2}</math> бірмүшелігіндегі Коэффициент–3/4; х2+2рх+q=0 теңдеуіндегі х2-тің Коэффициенті 1, ал х-тің Коэффициенті 2р-ға тең; l=2r формуласындағы Коэффициент 2-ге тең болады. у=kx+b түзу сызық теңдеуіндегі Коэффициент саны бұрыштық Коэффициент деп аталады. Ол түзудің Ох осіне еңкею бұрышының тангенсін көрсетеді. Физика заңдарды өрнектейтін формулаларда Коэффициенттің айрықша аттары болады, мысалы, үйкеліс Коэффициенті, көлемдік ұлғаю Коэффициенті, т.б.

Өзара индукция коэффициенті

Бір контурдағы ток күші өзгерген кездегі байланысқан контурдың екіншісіндегі индукция электр қозғаушы күшін анықтайтын коэффициент.

Ішкі үйкеліс коэффициенті

Сұйықтың немесе газдың түйіскен қабаттарының бірлік ауданына әсер ететін ішкі үйкеліс күші мен осы қабаттар қозғалысының жылдамдық градиенті арасындағы пропорционалдық коэффициент.

Сызықтық ұлғаю коэффициенті

Денені қыздырған кездегі дененің өлшемдерінің біреуінің өзгерісінің осы өлшемнің бастапқы шамасына және температураның өзгеру аралығына қатынасы.

Модуляция коэффициенті

Модулдаушы белгі амплитудасының амплитудалық модуляция кезіндегі модульданушы тербелістер амплитудасына қатынасы.

Температура өткізгіштік коэффициенті

Жылу өткізгіштік коэффициенті мен зат тығыздығы көбейтіндісінің, оның меншікті изобаралық жылу сыйымдылығына қатынасына тең, стационар емес жылу процестеріндегі зат температурасының өзгеру жылдамдығының сипаттамасы.

Жылу өткізгіштік коэффициенті

Жылу ағынының тығыздығы және заттағы оны тудыратын температура градиенті арасындағы пропорционалдық коэффициент.

Тыныштық үйкелісінің коэффициенті

Тыныштық үйкелісі күшінің, бір денені екіншісіне қысатын жүктемені түсірген кезде пайда болатын және олардың тиісу бетіне перпендикуляр бағытталған реакция күшіне қатынасы.

Жарықтылық коэффициенті

Қандай да бір нүктедегі және берілген бағыттағы дене, жартылығының, жарықтылығы барлық бағытта бірдей, ал шағылысу коэффициенті 100%-ке тең сондай жағдайда жарықталынатын шашыратқыштың жарықтылығына қатынасы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Коэффициент|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}