Корольдік пингвин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:06, 2015 ж. қарашаның 21 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox Корольдік пингвин — (Үлгі:Lang-la) - Пингвинтәрізділер (Үлгі:Lang-la) тұқымдасының ұшпайтын құсы.

Биологиялық сипаттама

Корольдік пингвиндердің дене тұрқының ұзындығы 91 см-ден 100 см-ге дейін жетеді.

Қауырсындары қысқа, тығыз, арқасы сұр, бауыры ақ түсті, басы сары теңбілді болады. Шөжелері сұрбүлт түсті болады. Төс бұлшық еттері жақсы жетілген, қанаты ескекке айналған, қабыршақ тәрізді қауырсынмен қапталған.

Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар үстінде бауырымен сырғанайды. Тері астындағы дәнекер ұлпадан тұратын май қабаттары жақсы жетілген, ол денесіндегі жылуды реттеп отырады.

Корольдік пингвиндер құрлықта түлейді, бұл кезде олар қоректенбейді. Моногамиялы, ұя салып, жұмыртқалау кезінде бірнеше мыңдаған дарабастары бірігіп үлкен топ құрады. Ұяларын жағалаулардағы жазық, тасты жерлерге, үңгірлерге, ағаш тамырларының қуыстарына салады. Ұяда 1 — 2 (кейде 3) жұмыртқа болады. Корльдік пингвиндер шаянтәрізділермен, басаяқты ұлулармен, балықтармен қоректенеді.

Таралуы

Корольдік пингвин Антарктика аралдарында: Оңтүстік Георгия, Оңтүстік Сандвич аралдарында, Марион, Козе, Кергелен, Херд, Маккуори аралдарында таралған.

Корольдік пингвин және адам

XVIII ғасырдан бастап теңізшілер Корольдік пингвиндерді бақылаусыз өлтірген. 1918 жылы кейбір Корольдік пингвин мекендердің саны сыни межелге жетеді. Бүгінгі күні көпжылдық жұмысының нәтижесінде барлық аралдардағы Корольдік пингвиндер саны қалпына келді.

Пайдалынған әдебиеттер

  • Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер