Корея

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Бөлінген мемлекеттер

Коре́я — Құрамына Корей түбегі және жанасқан аралдар мен мәдени-тарихи тұрғыдан бірккен мұрасы кіретін географиялық территория.<ref>Корея // БРЭ. Т.15. М., 2010.</ref>. Бұрында бір мемлекет болған. Солтүстігінде КХДР және Ресейі бар құрлықты шекара. Ал оңтүстігінде Жапон аралдары

1945 жылы Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенінен кейін, сол кездері Японияның отары болған, Корея шекарасы екі ауқымды әскери жауапкершілікті аймаққа бөлінді:

Корея шекарасы — 220,8 мың.км². Қос мемлекеттің жалпы халық саны 70 млн. адамнан жоғары, халықтың 99 % корейлер. Негізінен діни нанымдары — буддизм және христиандық

Табиғаты — Корей түбегі, Маньчжурия -Корей таулары қараңыз.

Тарихы

Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2-1 ғасырларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре (солтүстікте), Пэкче (оңтүстік-батыста), Силла (оңтүстік-шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4-6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 жылы қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935 жыл. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 — 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231-1259 жылдары Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352-1362 жылдары Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Елорда Кэчен қаласынан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592-1598 жылдары жапон басқыншыларынан елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 жылы Корея билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17-18 ғасырларда ел әлеуметтік-эконономикалық жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап дамыған елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 жылы Жапония Кореяны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 жылы АҚШ, 1893 жылы Ұлыбритания, Германия, 1894 жылы Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893-1894 жылдары елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894-1895) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904-1905 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919-1945 жылдары елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды.

Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945 жылғы Ялта конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38° ендікте екі бөлініп, солтүстік КСРО-ның, оңтүстік — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы "Қырғи Қабақ Соғысқа" байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 1948 жылдың 15 тамызда Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды.

Екі ел арасында 1949 жылы қарулы қақтығыстар

  • 1950-1953 жылдары корей соғысы болып өтті. 1953 жылдың 27 шілдесінде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды.
  • 1987 жылға дейін Кореяда әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғасырдың 60-80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 жылы демократиялық қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 жылы Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 жылы тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді.

Оңтүстік Корея

Үлгі:Main

Сурет:Flag of South Korea.svg
Оңтүстік Кореяның мемлекеттік туы

Корея Республикасы (корейше 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] тэхан мингук) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азия мемлекеті. Елдің бейресми, әсіресе, орыс тілді баспасөзде кеңінен қолданылатын атауы — Оңтүстік Корея

Астанасы: Сеул қ.

Ауданы — 99 617,38 шаршы км.

Халқы: 49 024 737 адам (2007 жылғы санақ бойынша)

Халқы: корейлер ел халқының негізгі көпшілігін құрайды. Кішігірім (100 мың) қытайлар тобы — негізінен Қытайдан, Гонконгтан және Макаодан тікелей келгендер емес, Жапониядан, Малайзиядан, Үндістаннан және Филиппиннен қоныс аударғандар.

Діні: Оңтүстік Кореядағы негізгі дін — дәстүрлі буддизм және қатысты түрде елге жақында енген христиандық.

Тілі: корей тілі. Ақша бірлігі: корей вонасы.

Мемлекеттік мерекелер: 1 қаңтар – Жаңа жыл, 1 наурыз – Корея тәуелсіздігі үшін қозғалыс күні, 5 мамыр - Оңтүстік Кореядағы балалар күні, 12 қыркүйек - Чхусок , 3 қазан – Оңтүстік Корея мемлекетінің негізі қаланған күн, 25 желтоқсан – Христиандардың «Рождество» мерекесі.

Аумағы: Корея Республикасы Азияның негізгі бөлігінен 1100 километрге шығып тұрған Корей түбегінің оңтүстік бөлігін алады. Батысынан түбек Сары теңізбен, шығысынан – Жапон теңізімен, ал оңтүстігінен Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шектеледі. Ландшафты негізінен таулы, жазықтар аумақтың тек 30% алады. Жағалаулардың 3000 жуық аралдары бар, олардың дені кішігірім және елсіз. Ең ірі арал - Чеджудо. Климаты муссондық, жазы ыстық және ылғал, қыс қатысты түрде суық және құрғақ.

Солтүстік корея

Үлгі:Main

Сурет:Flag of North Korea.svg
Солтүстік Кореяның мемлекеттік туы

Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км².

Халқы — 22,5 млн. адам (1999).

Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады.

Ресми тілі — корей тілі.

Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар.

Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.).

Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”.

Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир).

Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген.

Дереккөздер

<references/>