Концентрация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Концентрация, химиядақоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік Концентрация деп те атайды; көлемдік үлес Концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады; молярлық Концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3); эквиваленттің молярлық Концентрациясы – ерітіндідегі зат эквивалентінің зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/л); молярдік Концентрация – ерітіндідегі еріген зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы (моль/кг); титр – еріген зат массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы (г/л); молярлық үлес Концентрациясы – еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттардың мөлшерлерінің қосындысына қатынасы.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Концентрация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}