Контрактура

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mapa.jpeg
Контрактура

Контрактура (Үлгі:Lang-la – тартылу) – буындардағы қимыл, қозғалу құбылыстарының шектелуі салдарынан аяқ, қолдың немесе олардың бөліктерінің бір қалыпта тырысып қалуы. Контрактура буын аумағындағы жұмсақ тіндердің әр түрлі өзгерісі салдарынан пайда болады. Контрактура пайда болу себептеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: тері және тері асты клетчаткасының күйіктен, жарақаттан, қабыну процестерінен соң пайда болатын көлемді тыртықтар; апоневроз, шандыр тіндерінің тыртықты өзгерістері; бұлшық еттердің туа біткен (мысалы, соқырішектен оң жақ жамбас буынында қимылдың шектелуі) немесе жүре пайда болған қысқаруы; буын аумағындағы, буын қаптарын құрайтын тіндердің тыртықты өзгерістері; аяқ, қол сүйектері сынғанда оларды гипс таңбасымен ұзақ мерзім қимылсыздандыру салдарынан туатын жұмсақ тін өзгерістері; жүйке жүйесі ауруларынан туатын сал ауруы (паралич), қатты жиырылу (спазм), рефлекторлық, неврогендік құбылыстар, т.б. Қол, аяқтың немесе олардың бөліктерінің қимылсыз, бір қалыпта тартылып қалу түріне қарай ішке немесе сыртқа қарай иілген Контрактура, келтіретін Контрактура түрлері ажыратылады. Контрактураны емдеуде физикалық (парафин, жылу, токпен қоздыру, шипалы балшық қолдану, т.б.), механикалық (буынды созу, тартылып қалған қол-аяқты немесе оның бөліктерін күшпен қалпына келтіру, т.б.) және шипалық гимнастикамен емдеу тәсілдері қолданылады. Егер емдеудің бұл түрлері көмектеспесе, онда хирургиялық операция (тыртықты, өзгерген тіндерді кесіп алып тастау, шандыр, тарамыстарды кесу, пластикалық операциялар жасау) жасалады.Контрактураның алдын алу үшін оны тудыратын ауыруларды мезгілінде емдеу қажет. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Дереккөздер

<references/> "Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Medsci-stub