Коалиция
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Коалиция (лат. coalіtіo – одақ) – 1) екі немесе бірнеше мемлекеттер арасында қандай да бір өзге мемлекетке, я болмаса мемлекеттер тобына қарсы бірлескен іс-қимыл жасау мақсатында уақытша құрылған әскери немесе саяси одақ; 2) екі немесе бірнеше саяси партиялар арасындағы өзара келісім. Мұндай келісім, негізінен, партиялардың парламентте көпшілік дауыс алуы мақсатында, яки осы партиялар өкілдерінен Коалициялық үкімет құру үшін жасалады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref>
Әскери коалиция (Военная коалиция) — басқа мемлекеттер (мемлекеттер коалициясы) тарапынан агрессияны болдырмау, сол мемлекетке немесе коалицияға қарсы соғыс жүргізу міндеттерін шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңге құралатын мемлекеттердің әскери-саяси одағы. Әрбір коалиция белгілі бір жалпы саяси және әскери мақсатарды ұстанады. оған тән құрамы мен ерекшеліктері болады. Сонымен қатар коалицияға кіретін әрбір мемлекет өзінің әскери-стратегиялық мақсаттарына кол жеткізуге тырысады. Әскери коалиция, әдетте, бейбіт уақытта құрылады. Оның мемлекет аралық саяси, әскери және басқа органдары, коалициялық қарулы күштері болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Коалиция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}