Киікбай Әбілбайұлы Медеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:08, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Киікбай Әбілбайұлы Медеуов (1959 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – кен инженері.

  • Гурьев (қазіргі Атырау) политехникалық техникумын (1983),
  • ҚазПТИ-ды (қазіргі ҚазҰТУ, 1991),
  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын (1994),
  • Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000) бітірген.
  • 19751993 жылдары «Өзенмұнайгаз» өндіру басқармасында мұнай-газ операторы, мастер, технолог.
  • 19941996 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің 1-орынбасары,
  • 19962002 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның ғ2 «Мұнайгазөндіру» басқармасының және ғылыми-тәжірибелік өндірістік басқармаларының бастығы, мұнай өндіру департаментінің директоры болды.
  • 2002 жылдан жеке кәсіппен айналысады.
  • «Құрмет» (1999) орденімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
  • Әкесі - Медеуов Әбілбай, марқұм, бұрғышы болып жұмыс істеген. Анасы - Медеуова Бәтен, зейнеткер, үй шаруасы*мен айналысады. Үйленген. Жұбайы - Медеуова Гүлжамал, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ МДӨҚБ кадр қызметінің бастығы. Қыздары - Медеуова Баян (1982 ж. т.), Киікбайқызы Әсел (1992 ж. т.), Киікбайқызы Салтанат (1996 ж .т) ұлдары - Медеуов Нұрбек (1984 ж. т.), Әбілбай Жақсылық (2000 ж. т.).
  • Гурьев политехникалық техникумының «Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану» факультетін (1983) техник-мұнайшы мамандығы бойынша; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кен орындарын зерттеу және пайдалану» факультетін (1991) тау-кен инженері мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының экономика факультетін (1994) экономист мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң университетінің заң факультетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылдан - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында ағаш ұстасының шәкірті. 1978-1981 жылдары – Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында ұңғымаларды пайдалану және барлау бұрғылауы бұрғылаушысының көмекшісі.
  • 1982 жылдан - оператор, мұнай және газ өндіру жөніндегі шебер; ұңғымаларды жер асты және күрделі жөндеу жөніндегі шебер; технолог; технология бөлімінің жетекшісі; ұңғымаларды жер асты жендеу цехы бастығының орынбасары; мұнай кәсіпшілігінің аға технологы; мұнай кәсіпшілігі бастығының орынбасары; мұнай кәсіпшілігінің бастығы; өндірістік қызмет керсету базасы бастығының орынбасары; «Өзенмұнайгаз» ААҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы белімінің бастығы - бас инженердің орынбасары. 1994 жылдан - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімшілік басшысының бірінші орынбасары. 1996-2000 жылдары - «Өзенмұнайгаз» ААҚ №2 мұнай өндіру басқармасының және сынақтық-тәжірибелік басқармасының бастығы 2001 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры. 2002 жылдың сәуірінен қарашасына дейін - «Теңге» БК» ЖШС техникалық директоры (Жаңаезен қ.). 2003 жылдан - «Амангенді Газ ЖАҚ бас директорының ендіріс женіндегі орынбасары (Тараз қ.). 2004 жылдан - «Шынжыр» ЖШС техникалық директоры (Ақтау қ.). 2005 жылдан - «Матин» БК» ЖШС бас директорының ендіріс женіндегі орынбасары (Атырау қ.) 2007 жылдан - «КоЖаН» ЖШС бас директоры (Алматы қ.) 2008 жылдың сәуірінен бері - «КоЖаН» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (Алматы қ.).
  • «Құрмет» орденімен, «Жаңаөзен қаласына 40 жыл», «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл» белгілерімен, «Өзенмұнайгаз» ААҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжай алмаймын». Хоббиі - саяхатқа шығу, кітап оқу, өлке тарихы. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет, детективтер

<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}