Кир II

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кир ІІ немесе Ұлы Кир (туған жылы белгісіз – б.з.б. 530) – ежелгі парсы патшасы (б.з.б. 558 – 530). Ахемен әулетінен шыққан.

Мидия патшасы Астиаганың қызы Мадана ханшайымның және Камбис I-нің ұлы. Кир Персияның басты пасадгарлар тайпасынан шыққан Ахменид құрған Ахменидтер династиясының патшасы Камбис І–дің ұлы. Эламның оңтүстік–шығысындағы Аншан патшасы ретінде Набодин Кирді сайлады. Тура осылай Набонид пен Кир хроникасын жасаған вавилон абыздары әрекеттенді. Өзінің вавилондықтарға айтқан сөзінде Кир «Аншан патшалары» деп өзінің ата бабасын атады: Үлгі:Дәйексөз Мұнысы Кирдің вавилон тексттерінде бұрыннан кездесетін эламдық Аншан ауданының патшасы саналуы Кирдің эламит екендігін болжауғы жол береді.

Кирмен замандас өнер туындылары бұрынғы замандағы Персия патшалығының элам мемлекеттігі мен өнеріне деген әсерін көрсетеді. Алайда, Кирдің арийлік болғандығы дәлелденген. Оның Аншанмен байланысы толық түсініксіз, мұндағы жалғыз түсіндірме, мүмкін, Кирдің Элам орнын басқан шығыс мемлекеттен болуы, сондықтан ресми мерекелік жазуда ол аншан патшасы деп аталды. Ол да өзі осы вавилондықтар көздері алдында одан сайын көтере беретін ежелгі терминге бас сұқты. Оның үстіне кезінде Элам патшаларының қолында вавилонның болғандығы белгілі. Аншан патшасының титулына ие бола тұрып жаңа құрылған монархияның иесі ежелгі салт дәстүрлер мен өзге де оған тиесілі жағымды символикасының мұрагері саналды. Набонид хроникасында Мидияны жаулап алғаннан кейін Кирді Персия патшасы сайлады.

Кир персия тайпаларының көсемі болуы.

Сурет:Achaemenid Empire ru.svg
Ахменидтер патшалығы

Кир басшылығы 29 жылға созылды дейтін Геродотқа сенер болсақ, б.з.б 559 жылы Кир Персияның отырықшы тайпаларының арасында басты рөл атқарған пасадгар тайпасының көсемі болды. Олардан басқа союзға марфийлар мен маспийлар кірді. Олардың барлығы Мидия патшасының әсерінде болды. Ол кездегі Персия мемлекетінің орталығы интенсивті құрылыс жұмыстары Кирдің бастапқы басқару периодына сай келген, Персия мемлекетінің алғашқы астанасы болған Пасаргад қаласының айналасында орналасты. Персияның қалалары мен жазықтарында тұраған картилар, мардтар, сагритийлер және кейбір көшпенді тайпалар, тағы да карманилер, панфиалилер, деріштер отырықшы тайпаларын Кир кейінірек, Мидияны басып алғаннан кейін жүзеге асырды.

Мидияға қарсы көтерілістің басы.

Б.з.б 553 жылы Набонид жазуына сәйкес Кир мидиялық патша Астиагқа қарсы шықты. Геродот пен Ктесий перстер мен мидиялықтар соғыстарын нәтижесі көбіне Мидияда болған Астигам басқаруына наразы болған партияның болуымен және азғындаушылық болуымен шарттанды. Геродот бойынша, осы екі патшалықтың арасындағы соғыс себебі Астиаг қатты өкпелеткен атақты мидиялық Гарпагтың астыртын сөз байланыстыруы болды. Ол алдымен Астиагтың қатаң басқаруына наразы болған атақты мидиялықтарды жинап, кейіннен Кирді көтеріліс жасауына үлесін қосты. Мидияның құлауы, астыртын сөз байласу мен наразылықтан басқа тағы династиялық кризиспен қолданылды: барлығымызға жетімді деректер бойынша Астигатың ұлы – мұрагері болмады. Ктесий мұрагер деп оның жездесі Спитамуды айтады. Мидия еш күрессіз құлады: Ктесий тіпті Астиагтың жауап атойы мен жеңісі туралы жазбады. Геродот, не дегенмен, оның кәрілер қару жарақтандыруына дейін жеткен өжеттігін жоғары бағалады.

Бүлікшілер жеңісі

Грек және Вавилон тарихамаларында Кирдың Мидияға қарсы көтерілісі 3 жыл созылған деп мәлімдейді. Сондай-ақ, б.з.б. 550 ж. Набонид Хроникасында айтылған: Үлгі:Дәйексөз Осылайша, Астиаг пен Кир арасындағы соғыстың үш жылға созылғандығы және соғыс тек сөз байланысу арқылы ғана перстер пайдасына шешілгені көрінеді. Соңғы шайқастың қайда болғаны, Ктесийдің Пасадгардың етегінде болды дегені дұрыс, дұрыс еместігін біз біле алмаймыз. Ктесий бір аңызға шолу жасай осындай ойға жетті. Онда Псадгар жеріне келген әр бір патша осы қаладағы әйелдердің қолына бір бір алтын тиын ұстатуы тиіс, мысалы, бір шайқас кезінде көрсеткен көмегі үшін мәңгі рақым ету ретінде. Мысалы, бір әйелдер мен аналарымен ұялтылған парсылар табандырақ шайқаса бастады.

Кир - Мидия патшасы.

Кир мидия астанасы Экбатануды жаулап алып, өзін-өзі Мидия патшасы титулын қабылдап, Персия мен Мидия патшасы ретінде жариялады. Қолға түсірген Кир Астиагты өлтірмей, тіпті Ктесийге сенер болсақ, оны Паркания елшісі сайлады, оның қызына үйленді. Астиагқа жақын жандардан ең көп азап шеккен мүмкін мұрагер Спитама ғана болды, ал өзге жағдайларға келсек, бұл көтеріліс бар жоғы династия өзгерісі саналды. Мидия мен мидияндар Ахменидтер басшылығы кезінде ешқандай қуғын сүргінге ұшырамай, перстермен қоса бір сатыда есептелді. Экбатана астана мағыналығын Пераеполь, Пасаргад және сузамимен қоса сақтап калды. Мұнда патша жазғы уақытты өткізді. Мұның барлығы жергілікті халықтың Персияның Мидияның жалғасы ретінде қарауына ықпал етті. Кирдің Мидия жеріндегі басшылығы Астиагпен көкейкесті байланысымен шарттанды. Перстер мидиялықтардан ассириялыққа дейін көтерілген басқару жүйесін алды.

Мидияны жаулап алғаннан кейін Кир келесі 2 жыл аралығында бұрынғы Мидия державасын кірген елдерді жаулауға кірісті: Парфия, Армения, Грузия. Олар перстерге ерікті түрде берілді. Сол жылдары перстер Элам жерін жаулап алады. Мидия державасының жерлерін жаулап ала жүріп Кир оның халқының көтерілістерін басып отырды.

Кир II – нің Кіші Азиядағы табыстары

Лидия басып алуы

Б.з.б 547 жылы Кир жағына ерікті түрде Киликия өтім, оған әскери күш берді. Бұл үшін Кир ешқашан оған страптарды жібермей, қажет болған жағдайда ақша төлем тұратын жергілікті басқарушыларды орындарында қалдырды. Осылай, Кир Лидиялық мемлекеттің – Жақын Шығыстың ең құдіретті елдерінің бірінің шекарасына қатты жақындап алды. Геродот сөздеріне сүйенсек, соғыс инициативасы Лидия патшасы Крезге тиесілі болды. Б.з.б 547 жылы лидиялықтар мидиялықтар қол астындағы және перстердің жеңісінен кейін соған өткен Каподокияға басып кірді. Сонда Кир де аттанды, жолдан өз әскерін өткен аумағындағы елдер қатарынан толықтыра өтті. Крезді өз ойынан қайтару үшін Иония мен Эолид қалаларына хатшылар жіберілді. Бірақ кішіазиялық гректер күтім позициясын алуды жөн көрді.

Галис өзенінің шығысындағы Птерия қаласында қанды шайқас орын алды, бірақ, оның ешқандай нәтижеге алып келмеді, еш жақ жаңа шайқасты бастауға батылы жетпеді. Крез өзінің астанасы Сардыға бет алды. Онда ол өзінің Египет, Спарта, Вавилон сияқты одақтастардың көмегімен жақсылап дайындалуға кірісті. Бірақ, Кир, қарсыласының барлық қалаулары мен іс әрекетін біле тұра онысына жол бергісі келмей, артынан Сардыға бет алды. Сард тұрғындары мұндай шабуылды еш болжай алмай, перстердің әскерін тек қала қабырғасына келгенде ғана байқады. Крез өзінің әскерін алып шығып, Сард алдына шықты. Кир өзінің мыңбасы, мидиялық Гарпаг ақылын тыңдап, арбада тұрған түйелердің барлығын әскер басына садақшылармен бірге қойды. Лидиялық әскердегі аттар таныс емес иісті сезіп, түйелерді көре салып қашып кетті. Алайда Лидиялық шапқыншылар аттарынан ырғи түсіп, жаяу шайқасты, бірақ Кир әскерлерінің шабуылынан қайта Сардқа қайтып, акропольде тығылуға мәжбүр болды. 14 күндік қамалдан кейін перстер акропольді алды. Ал Крез тұтқынға алынды. Грек авторларының мақұлдауынша Кир Крезді аяп, өмірін сақтады. Геродот айтуынша, Сарды б.з.б. 547 жылдың қазан мен желтоқсан аралығында жауланды. Крез жеңілгеннен кейін иондықтар мен эолилықтар Сарды хатшыларын Кирге жіберді. Өз қалалуларында олар Кирмен бірге кезінде Крезбен жасаған шарт негізінде жаңа шарт құруды сұрады. Алайда Кир олардың кезінде мидиялықтарға қосылуынан бас тарқандығын айтып, өзінің қандай шарттарды қоятындығын айтты. Мұны білген кішіазия халықтары Спартаны көмекке шақырады, бірақ олар көмек көрсетпейді.

Иония, Кария, Ликияны жаулау

Кир шығыс елдерге кеткендігін қолданып қалмақшы болған, Кир кетер алдында Крез асылдарын сақтауға қалдырған лидиялық Пактий б.з.б. 546 жылы перстерге қарсы шықты. Алтын арқылы ол баскесерлерді жалдап, грек теңізалды тұрғандарын көтеріліске қөсылуға құптады. Онан соң ол Сардыға аттанып, акрополольді камалдады. Көтерілісшілерге қарсы Кирдік полк басшысы мидиялық Мазар шықты. Перстердің әскерінің келе жатқандығын білген Пактий алдымен Киму қаласына, сосын Митилену қаласына, соңынан, Хиос қаласында барып, жергілікті тұрғандармен ұсталынған еді.

Лидия көтерілісін жаншыған Мазар Кіші Азияның грек қалаларын басып ала бастады.

Ионияны жаулап алған Гарпаг жан жалдап карийларға, кавнилерге жіне ликийлықтарға барды. Карий халқы перстерге жеңіл берілді. Түбекте орналасқан Книд тұрғындары матриктен бөліп тұратын кішкентай арық қазып, өздерін арал деп жариялағысы келді, бірақ қатты гранитке кезігіп, жұмыстарын тоқтатты, кейіннен олар да берілді. Біраз уақыт бойы тек бір тайпа-песадийліктер қарсыластық көрсетті. Олар Лида атты тауды тұрақтап, Гарпагтың жолында біраз қиындық туғызды.

Тек ликиялықтар мен кавнилықтар көпсанды перс әскеріне соңғы күштер қарсы тұрғандар болды. Ликиялықтар Ксанфқа қарай лақтырылды. Онда олар акропольге әйел, бала-шаға, құлдарды түгел жиып, оны отқа лақтырды, ал өздері шайқаста қайтыс болды. Өзінің адалдығы үшін Гарпаг Лидияны мұрагерлік қолданысқа алды.

Вавилонды бағындыруы

Б.з.б. 539 жылдың көктемінде персия әскері Вавилонға қарай бағыт алды. Бұл қиын заманда Набонид патшаны тастап, Кир жағына Гутиум аймағының әкімі Угбару өтеді. Геродот сөздері бойынша Гиндтан өткен кезде ақ киелі аттардың бірі суға батып кетеді. Кир ашуланып, өзенді жазалауды бұйырды. Жаз уақытында перс әскері 360 канал ашып, өзеннің суын ағызып тастады. Мүмкін Кирді Новуходоносордың гидравликалық құрылыстары ұстап қалды. Бір көзге ақымақтық көрінетін іс ойға қонымды идея деп саналуы да мүмкін. Тоғытқан жердің суын қайта таратып, оны өтімді ету. Кир өз жорығын тек осыдан соң ғана жалғастырды.

Вавилон әскері Опис қаласының маңында лагерь құрды. Бірақ Кир қыркүйектің 20-ыншы жұлдызында күтпеген жерден Мидия қабырғасын батыстан айналып өтті. Набонидтің ұлы Валтарас бар күшті гарнизонды Кир жіберген Угбару корпусы айнала қоршады. Кирдің өзі Опис жанында тұрған Набонид әскеріне сырттай соққы берді. Бұл шайқаста вавилон әскері жеңіліске ұшырап, қашуға тура келді. Набонид қалған – құтқан адамдармен Вавилонға қайтып оралмақшы болды, бірақ қайтар долды Угбару жауып, ол Борсиппеде тығылды. 10 қазанда ол қарсылықсыз Сиппарда үсталынды. 12 қазанда Угбару Вавилон жеруне басып кірді.

Қала орталығында перс әскерлеріне қарсы тұрмақшы болған Вальтасар мерт болды. Угбару, Гутиум көмекшісі, Вавилонға басып кірген әскерлерді басқарған адам лезде ұрлық пен азғындыққа қарсы шаралар қолданды. Вавилонның құлағанын және ұлы Вальтасардың қайтыс болғандығын естіп, Борсиппадан кетіп, ерікті түрде тұтқынға берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер