Ким Роман Ухенович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:42, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Ким Роман Ухенович - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

1955 жылы 8 мамырда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған. Ұлты кәріс. Алматы мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша, Экономика және құқық академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ташкент метрология және стандарттау институтының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының курстарын аяқтаған.

Еңбек қызметін 1979 жылы Қазақ КСР Дайындау министрлігінде Алматы аймақтық зертханасы бөлімінің бастығы болып бастаған.

1993-1995 жж. – басқарма бастығының орынбасары, одан кейін маркетинг басқармасының бастығы.

1995-1999 жж. – «Комбикорм» АҚ –ның бірінші вице-президенті.

1999-2002 жж. – Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі.

2002-2007 жж. – «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РҚБ-нің бірінші вице-президенті.

2007 жылдан бастап «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РҚБ-нің президенті. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі.

2005-2008 жж. – «Шағын және орта бизнесті дамыту федерациясы» СЮЛ директорлар кенесінің төрағасы.

2007-2010 жж. – «Caspian Group» АҚ директорлар кенесінің төрағасы.

2012 жылдың қаңтарынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Корея Республикасы Президентінің жаныныдағы Кореяның бейбіт және демократиялы бірігуі жөніндегі Косультативтік комитеттің мүшесі.

Кәріс бизнесмендерінің Әлемдік форумы алқасының мүшесі.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен мараптталған.

Корея Республикасы Президентінің белгісімен марапатталған.

Қазақстанның хапкидо федерациясының құрметті президенті.

Үйленген. Ұлы – Ким Евгений Романович.Қызы – Ким Алина Романовна.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер