Кеңгір бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:29, 2015 ж. тамыздың 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Кеңгір бөгені - Қарағанды облысының Жезқазған өңіріндегі Қаракеңгір өзені арнасына салынған бөген. 1952 ж. іске қосылған, 1961 – 65 ж. қайта кеңейтіліп салынды. Жағасында Жезқазған қаласы орналасқан. Бөгеннің ұзындығы 27 км, орташа ені 1,0 км шамасында, орташа тереңд. 8,6 м (ең терең жері 25 м). ауданы 37,5 км², суының көл. 319 млн. м3. Бөген, негізінен, Жезқазған өнеркәсіп кешенін ауыз сумен, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін салынған, сондай-ақ, қала төңірегіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етеді. Бөген суы тұщы, минералд. 0,4 г/л-ден (көктемгі су тасуы кезінде) 1,7 г/л-ге дейін (қысқы саба кезінде) өзгереді. Деңгейінің жылдық ауытқуы 2,5 – 3,0 м шамасында.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеңгір бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}