Кешен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кешен, комплекс (лат. complexus – байланыс, үйлесім) – біртұтастықты құрайтын заттардың, құбылыстардың, белгілердің, т.б. жиынтығы. Жүйелілікті, жиынтықты білдіретін бұл ұғым саясатта, әлеум. және рухани салаларда, философия мен ғылымда жиі қолданылады (мыс., кешенді шаралар, кешенді зерттеулер, т.б.). Алғашқы “ Кешен ” ұғымы архит. құрылыстарға қатысты қолданылған. Архитектуралық Кешен әр елде түрліше аталып (мыс., Ежелгі Мысырда“пирамида”), патшалар мен ру басшыларының немесе атақты адамдардың басына тұрғызылған. Ең ірі Кешен дер Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 – 3-мыңжылдықта тұрғызылған Жосер, Хеопис пирамидалары. Құрылыс салмағы бірнеше тонна болатын блок тастардан қаланған. Қазақстан жерінде архит. Кешен тұрғызу қола дәуірден басталған. Олар, көбінесе, қалақ тастардан қиюластырып, киіз үйге ұқсастырылып салынған. Кейде жанына тас мүсін орнататын болған. Мұны фламанд саяхатшысы В.Рубрук, қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов және “Тан-Шу” атты қытай шежіресі растайды. Қазақстанда кездесетін К-дердің, негізінен, көл. 44 м-ден, 9,69,6 м-ге жетеді. Мүрде қойылған бөлмелердің көл. 22,2 м-ден, 66 м-ге дейін. Қабырғаларындағы жалпақ тастардың қалыңд. 1,8 – 3,6 м, биікт. 0,4 – 1 м. Мұндай ірі К-дердің салынуы, ол жерде жерленген адамдардың сол қоғамда ерекше рөл атқарғандықтарын көрсетеді. Кешендер б.з.б. 9 – 3 ғ-ларда салынған. Қазақтың байтақ жерінде К-нің таңдаулы үлгілері көптеп кездеседі. Олар: ҰлытаудаҚосүйтас, Қарадың, Ақсу-Аюлы, Аягөздегі Қозы-Көрпеш – Баян сұлу ескерткіштері, т.б. Ең көнесі – Домбауыл кешен ні (Қара-Кеңгір өз., Орт. Қазақстан). К-дерден табылған көне заман бұйымдарының (қару-жарақ, киім-кешек, құмыралар, т.б.) тарихи мәні зор. Қазақстандағы ежелгі дәуірден сақталған Кешен дерді зерттеуде ғалым Ә.Марғұлан, сәулетшілер Т.Бәсенов, М.Меңдіқұлов көп еңбек сіңірген. Қазақстанда орта ғасырлар мен жаңа дәуірдің басында салынған архит. Кешендер де негізінде ғұрыптық құрылыстар болып келеді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да қала құрылысының өркендеуіне байланысты Қазақстан қалаларында осы заманғы озық үлгідегі архит. Кешендер пайда болды; қ. Қазақ архитектурасы. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Стратиграфияда- құрам және құрылыс ерекшеліктері күрделі болғанымен, кейбір ортақ белгілерімен сипатталатын, бір-бірін ретті түрде алмастырып отыратын тау жынысы қабаттарының жиынтығы. Петрография мен петрологияда: геологиялық конелігі, құрамы және жаралу тегі тұрғысынан ортақ белгілермен сипатталатын магмалық тау жынысытар жиынтығы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—

Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Кешенді ион

Кристалдық торда дербес құрылымдық бірлік түрінде жинақталған екі немесе бірнеше элементтер бірлестігі (мыс., МO3; SO4 және т.б.).

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub