Кенжәлі Айманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кенжәлі Айманов (1.1.1917, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жәнібек ауылы – 26.8.1974, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері, КСРО Педогогика Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (1971).

Өмірбаяны

  • ҚазПИ-ді (1937, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
  • 1941 жылы Қазалыда мұғалім болады.
  • 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Брест қорғанын қорғауға, Сталинград шайқасына және Керчьті азат етуге қатысқан. 1945 жылы Алматыға оралады.
  • Алғашында қалалық комсомол комитетін басқарады.
  • 1947-1952 жылдары ю18 мектепте физика мұғалімі, кейіннен директор.
  • 1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-де физика-математика факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды.
  • ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1960–63)
  • Қазақ КСР-інің Оқу-ағарту министрі (1963–71)
  • Республика Жоғары және арнаулы орта білім министрі (1971–74) қызметтерін атқарды.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7 және 8 шақырылымдарының депутаты. Қазақстан Компартиясының 12, 13 съездерінің делегаты, сол съездерде Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне сайланды. КОКП 24 съезінің делегаты.

Еңбектері

Аймановтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары сынып оқушыларының автоматика, телемеханика, электроника элементтерін меңгеру мәселелеріне арналған. Кейбір еңбектері:

  • «Атомная энергетика и её использование» (Алма-Ата, 1959);
  • «Физика и автоматика: Пособие для учителей» (Алма-Ата, 1963).

Марапаттары

  • Ленин орденімен
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен
  • "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен
  • бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама