Кенесары хан ұрпақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:55, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Кенесары хан ұрпақтарыКенесары хан әулетінің шежіресі. Кенесары ханның бәйбішесі Күнімжан ханымнан (арғын руының қызы) үш ұл туады: Жапар, Тайшық, Ахмет. Екінші әйелі Жаңыл ханымнан бес ұл туады: Құмар (кейбір деректерде Омар), Әбубәкір, Құсман (Осман), Сыдық, Жақшы (Жегей) (бұл мәліметтер Әзімхан Кенесариннің отбасылық архивінен алынған). Кенесарының үлкен ұлы Жапар Ресей империясы әскерлерімен болған соғыста тұтқынға түсіп, көп жыл айдауда болады. Ақырында Бекет батырмен бірге тұтқыннан қашып келеді. Денсаулығы нашарлағандықтан көп кешікпей қайтыс болады. Кенесарының ұлы Сыдық (кейде Сыздық) сұлтан (1839 – 1910) әке жолын қуып, Ресей империясына қарсы күресті. Тайшық пен Ахмет сұлтандар амалсыз патша үкіметіне барып қызметке тұрады. Қоқандықтармен болған бір соғыста Тайшық сұлтан қатты жарақаттанып, қайтыс болады. Ахмет сұлтан алғашында Шу бойындағы қазақ, қырғыз елдерін Қоқан шапқыншылығынан қорғап тұрады. Шымкент уезі ашылған соң Ахмет сұлтан онда уезд басшысынан үшінші жәрдемшісі болып тағайындалып, осы жұмыста 20 жыл істейді. Қазақ руларымен патша әкімш. арасындағы қатынастарды реттеп тұрады. Ахмет сұлтан 46 жасында қайтыс болды. Ахмет сұлтанның ұлдары Смайыл, Ыбырай, Мұқан, Әзімжан, Шірінхан. Ахмет сұлтанның ұлдарының ішінде ең белгілісі Әзімхан Кенесарин (1878 – 37) Алашорда партиясын құрушылардың қатарында болған, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1996 ж. толығымен ақталды. Әзімханның ұлдары: Натай, Мұхамедхан, Мадияр, Тәуке, қыздары: Хамида, Напуса, Аян, Баян. КСРО-ға еңбек сіңірген геолог, геология-минерал ғылымдарының докторы, гидрогеолог, Өзбекстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі Натай Әзімханұлы Кенесарин кезінде бабасының атын алып жүргені үшін қуғындалып, Қазақстаннан қоныс аударуға мәжбүр болған. Кенесарының Әбубәкір атты ұлының шөбересі, ұстаз әрі домбырашы, өнер қайраткері Файзолла Үрімізов пен жиендері арасынан Кеңес Одағының Батыры Александр Гаврилович Моисеевский сынды генерал шықты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кенесары хан ұрпақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}