Келі-келсап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Gnankatang. Basic Ingredients - Detail African Locust Bean.jpg
Ағаш келінің бүгінгі таңда қолданылуы

Келі-келсап - тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.

Келі түрлері

Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Бұл келінің түбінің жайпақ, тегіс немесе шұңғыл болып келуіне байланысты. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады.

Жасалуы мен құрылысы

Ағаш келінің қайың, қарағаш сияқты қатты ағаштан ойып жасайды. Мұның темірден жасалған түрін темір келі деп атайды. Келінің түйгіш ағашы яки темірі болады, оны келсап деп атайды. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалады, қолға ұстайтын жерінен қолайлы бос тұтқа шығарады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>