Кегенбай Жомартбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:08, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Кегенбай Жомартбайұлы<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref> 1735 жылы туған. ...Кегенбай би бір сапарында кісі құнына байланысты Шыңжаң өлкесіндегі Орқашар тауынан әрі асып, қалмақ ішіне дейін барған екен. Қалмак биін сөзден жығып, екі елдің дауын бітіріп кайтыпты. Сонда қалмактар Кегенбай биді "Білдірмей шешетін, кан шығармай кесетін би екен" деп бағалапты.

Ел ішіндегі тағы бір кісі әліміне билік дұрыс берілмей, арты үлкен дауға айналады. Құн сұрай барғандарға Каракесек руы жуандык көрсетіп, жөнді жауап бермей кайтарса керек.

Келесі жылында Кегенбай бидің өзі атқа мінеді. Баска жакка бет бұрмастан, ат тұмсығын Қаз дауысты Қазыбек немересі Тіленші Бекболатұлының ордасына тірейді. Күтуші жігіттер бұларды оңаша үйге апарып түсіреді. Тіленші би Кегенбай бидің сырттай даңқын естігенімен, өзін көрмепті. Сондыктан да кандай адам екенін байқап келуге сыншы жібереді.

Келесі күні конақтармен бірге болған сыншыдан мән-жайын сұрағанда сыншының айтқаны: "Өңменіңнен өтердей көзі бар, шоқпармен ұрғандай сөзі бар, шоқша сақалды, сары сұр біреу отыр орталарында. Бір айыбы денесі томашадай ғана екен. Тымағының бір кұлағы жымырулы. Бүктеулі қамшысы жанында. Өзі конышына пышак жанып отыр, кауіпті жауыңыз сол, басқалары дәнеңе емес" - депті. - Ойпырмай,жауласуға да, дауласуға да дайынмын дегені ғой бұл, - депті Тіленші.

Бұл дауға барған екен Кегенбай би, Тіленші көрсетіпті кұрмет пен сый, Тай сойып, конақ асы жегеннен соң, Тіленшіге айтыпты: "Халқыңды жый".

Шабуылды бұрын бастауды жөн көрген Тіленші келе сөлемдеседі де, Кегенбайдан көзін алмай, іле сөйлеп кетеді.

Уа, заманның тозғаны-ай
Аттан тайдың озғаны-ай,
Шернеуіштен би койып,
Қайран елдің азғаны-ай,- деп саңқылдай жөнеліпті.

Кегенбай би іркілместен:

Арғы атаңды білуші ем,
Аруакты қарт еді,
Өз өкеңді білуші ем,
Жақсылардың арты еді.
Келген қонакты сыйламау,
Қай қазақтың салты еді?
Малдың зоры соғым болар,
Адамның зоры боғым болар.
Шойынның батпандайы құм болады,
Алтынның мыскалдайы пүл болады.
Құм жиылып тас болмас,
Құл жиылып бас болмас,
Сен шойын, мен алтын шығармын,- дегенде Тіленші одан өрі айтқызбай, таяп келіп иығындағы шапанын Кегенбайдың үстіне жаба салыпты. Тегі, одан өрі айтса, ұлы әжелерінің қалмақтығын айтар деп қауіптенсе керек. Кегенбай би сол сапарында дау аяғын біржола тындырып кайтады.

Тегі, Тіленшімен болган осынау сөз кагысы бүкіл Арғынға тараса керек, атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің шежіре кітабында Найман ішінен бірінші кезекте Кегенбай биді дәріптейді.

13 жасында билік түғырына ие болған Би баба ұзақ жасап, 100 жастан асқан шағында дүниеден көшкен соң, руластары мен үрпактары денесін мұзға орап, түйеге артып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне апармақ ниетпен жолға шығады. Бірак ол мақсатқа жете ал маған. Жазғытұрымғы ауа райы кенеттен ысығандықтан, мәйітті орап-шымқаған мұз түгелімен еріп кетеді. Мұндай жағдайда кемінде жарты ай жүретін үзак жолға мөйіттің бұзылмай шыдауы мүмкін емес. Сондықтан жоғарыда айтылған тоғайлы жазыққа, әкесі Жомарттың жанына жерлеп қайтқан екен.

Осы жазыққа б киіз үй, 2 шатыр тігілді. 6 автобус өрлі-берлі тасымал қызметін қызметін атқарды. 8 мың кірпіш пен 7 тонна цемент жеткізілді.

Екі топқа бөлінген қалаушы шеберлер мен жастар кешке жақын екі төбешік басына алты қырлы ақ мазарды ақ кірпіштен тұрғызып үлгерді. Мына сөздер ойылып жазылды: "Жомарт Тоқабай баласы, 1700-1780 жыл, Кегенбай би Жомарт баласы 1735-1835 жыл. Ескерткіш тұрғызған ұрпақтары, 1991 жылдың маусым айы".

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кегенбай Жомартбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}