Кебек хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:17, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Кебек Хан (туған жылы белгісіз – 1326) – Шағатай мемлекетінің билеушісі (1318 – 1326). Дува ханның баласы. Кебек хан Шағатай мемлекетін бір орталыққа бағындыруға және оның саяси-шаруашылық жағдайын нығайтуға ұмтылды. Шағатай мемлекетін құрайтын аймақтардың (‘’батысында – Мауераннахр, шығысында – Жетісу және Шығыс Түркістанның бір бөлігі) бір тұтас экон. және этн. бірлігінің болмауы, сондай-ақ, өзара қырқысушылық салдарынан туған шаруашылық дағдарысы Шағатай мемлекетінің әлсіреп, ыдырауына әкеп соқтырды. Кебек хан мемлекетті нығайту жөнінде бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол, негізінен, өз мемлекетінің батыс бөлігінде қала өмірін жандандырып, егін шаруашылығын өркендетуге шұғыл бетбұрыс жасады, қираған қалаларды қалпына келтіріп, жаңа қалаларды салуға көңіл бөлді. Кебек хан мемлекеттің саяси-әкімшілігі орталығын шығыс аймақтан (Алмалықтың жанынан) Мауераннахрға (Қарши) ауыстырды. Экономиканы жандандыру мақсатымен Кебек хан 1321 жылы ақша реформасын жүргізді: Хулагу әулеті билеген Иран мен Алтын Орданың теңге жүйесі тектес бірегей теңге жүйесі енгізілді. Кебектер деп аталған үлкен күміс динарлар мен ұсақ дирхемдер (1 дирхем – 1/6 динар) жалпы мемлекет теңгелерге айналды. Шағатай мемлекетінде теңге жүйесін қалыпқа салу жөнінде Кебек ханнан бұрын да қаракет жасалған болатын. Мыс, Масудбек 1271 жылы бүкіл мемлекетке бірдей күміс теңгелер соқтырған. Бұған дейін 13 ғ-дың орта шенінде көптеген қалалардың теңге сарайларында, солардың ішінде Отырар, Тараз т. б. қалаларда тек жақын аймақтарда қолданылған жергілікті теңгелер соғу қалпына келтірілді. Мемлекеттің шығыс бөлігінде, Алмалық қаласыннда соғылған алтын динарлар мен күміс дирхемдер айналымда болды. Алайда, ішкі саяси әлсіздік, өзара қырқыс-тартыс, экономика бірліктің болмауы, т.б. кедергілердің салдарынан 1321 жылғы реформаларды жүзеге асыру қиынға түсті. 5 жыл өткен соң Кебек хан мемлекетте теңге жүйесін бір қалыпқа келтіруге мәжбүр болды және ақша реформасы арқылы сауданы жандандыруды, шаруашылық жағдайын жақсартуды, алым-салық жинаушылардың, саудагерлердің қылмысының алдын алып, мемлекеттің қаржы жағдайын нығайтуды көздеді. Кебек хан жүргізген ақша реформасының Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда қалаларды өсіріп, шаруашылықты өркендету үшін зор маңызы болды. Сонымен қатар, бұл реформа Мауераннахрдың көрші аймақтармен, соның ішінде Дешті Қыпшақпен сауда байланысын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кебек хан әкімшілігі реформасын да жүзеге асырған. Ол билік құрғанға дейін хандар Шағатай мемлекетін алыпсатарлар және шенеуніктері – даруға мен басқақтар арқылы басқарды. Бірқатар қалаларда, соның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы қалаларда жергілікті билеушілер – меліктер мен садрлар қалды. Кебек хан мемлекет басқару ісін тікелей өз қолына алды және елді ұсақ әскери-әкімшілігі және салық төлейтін округтерге – түмендерге бөлді. Бұрынғы иеліктер түмендерге, ал олардың билеушілері түмендердің мирасқорларына айналды. Бірақ көптеген түмендер Кебек ханды қолдаған және Мауераннахрға онымен бірге келген көшпелі моңғол-түрік ақсүйектеріне еншіге берілді. Кебек ханның реформасы мемлекетті өркендетуге едәуір әсер етті, әйтсе де ол бытыраңқылықты жоя алмады. Кебек ханның реформалары мемлекеттің шығыс бөлігінің экономика және саяси өміріне айтарлықтай өзгеріс енгізе алмады. Жетісуда 14 ғ-дың бас кезінде қала өмірі мен егін шаруашылығы түгел дерлік жойылып біткен еді. Шығыс Түркістан аймақтарының экономика және саяси дербестігі бірте-бірте күшейе түсті. Шағатай мемлекеті ыдырай бастады. Кебек хан қайтыс болғаннан кейін әскери-көшпелі ақсүйектердің орталық өкімет билігіне қарсы күресі бұрынғыдан да күшейді. Кебек ханның мемлекетті бір орталыққа бағындыру жөніндегі саясатын жалғастырушы інісі Тармашырын (1326 – 1344) қастандықпен өлтірілді. 14 ғ-дың 40-жылдарында Шағатай мемлекеті Мауераннахр және Моғолстан болып екіге бөлінді.

Шығармалары

Бартольд В.В., История Туркестана, Соч., т. 2, ч. 1, М., 1963; Петрушевский И.П., Земледелие и аграрные отношения в Иране XІІІ – XІV вв. М., 1961; Строева Л.В., Борьба кочевой и оседлой знати в Чагатайском государстве в первой половине XІV в., в сб.:

Памяти акад. И.Ю.Крачковского, Л., 1958;
Массон М.Е., Исторический этюд по нумизматике Джагатаидов, «Труды САГУ, Новая серия», вып. 11, 1957.

<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Пайдалған әдебиет

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кебек хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}