Кацура Таро

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:11 KatsuraT.jpg
Кацура Таро

Кацура Таро (1847 жыл 28 қараша, Ямагути - 1913 жыл 10 қазан, Токио) - Жапонияның мемлекет қайраткері, генерал.

Өмірі

Тёсю княздығындағы самурайлар арасынан шыққан. 1868 жылғы төңкеріс кезінде император жағын қолдап, Киотода оның сарайын қорғап, сегунат жақтастарымен бірге Солтүстік Жапонияда соғысты. 1870-1873 жылдары Берлиндегі әскери училищеде оқыды. 1875-1878 жылдары Берлиннің жапон елшілігінде әскери атташе қызметін атқарды.

1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысында ерекше көзге түсті. 1898-1900 жылдары - әскери министр. 1901-1905, 1912-1913 жылдары - премьер-министр. Ағылшын-жапон одағын ұйымдастырушылардың бірі. Англия мен АҚШ-тың қолдауымен Кацура үкіметі 1904-1905 жылдары Жапонияның Ресейге қарсы соғысын ашты.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>