Касса кітабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Касса кітабы<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>– кәсіпорынның қолма-қол ақшасы қозғалысын есептеу үшін бекітілген нысандағы тізімдік. Онда әрбір кіріс пен шығыс операциясы бойынша кассалық ордердің нөмірі‚ ақшаның кімнен алынғаны немесе кімге берілгені‚ оның сомасы жазылады. Ол нөмірленген‚ бау тағылған‚ сүргішті мөр басылған болуға тиіс; беттердің саны бастық пен бас (аға) бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассир екі дана етіп (көшірме қағаз арқылы) толтырады‚ біріншісі кітапта қалып‚ екіншісі жыртылады. Кассир касса кітабы бойынша күн сайын бір күнгі ақшаның кірісі мен шығысын қорытындылап‚ оның кассадағы қалдығын келесі күнге ауыстырады, сөйтіп, жыртылмалы парақты кіріс және шығыс құжаттарымен бірге есептеме ретінде бухгалтерияға табыстайды.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Касса кітабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}