Карта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Russia besvizi2.PNG
Дүниежүзілік карта
Сурет:Kazakhstan provinces kz.svg
Қазақстан картасы

Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады; <ref name="test">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.

Карта арқылы жол бойымен жүру

(Движение по дорогам с помощью карты). Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.

Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру

(Движение вне дорог с помошью карты). Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарлары көрсетіле отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеу кезінде, жүріп өткен жолды карта бойынша жиі бағдарлап, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек.

Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу

(Изучение рельефа местности по карте) — жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы сипаттамасы горизантальдардың пішіні мен жиілігі бойынша үстірт шолумен анықталады. Осы белгілерді пайдалана отырып, бірінші кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар нақтыланады. Бедер сипатымен жалпы таныстықтан соң, жүктелген міндетке сәйкес оны толықтай зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.

Карта боиынша жергілікті жерде бағдарлану

(Ориентирование на местности по карте) — жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі. Карта бойынша бағдарлану картаны бағдарлаудан, ондағы нүктені анықтау мен жергілікті жермен картаны беттестіруден тұрады.

Карта масштабы

(Масштаб карты). Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.

Картаға нүктені түсіру

Сурет:Kazakhstan map.png
Қазақстан қалаларының картасы

(Нанесение точки на карту) — координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен X нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.

Картада пункттін орналасу орнын жуықтап көрсету

(Приближенное указание местоположения пункта на карте). Картадағы нүктенің орнын жуықтап көрсету үшін ол орналасқан координаттық тор шаршыны атау жеткілікті. Бірінші абсцисса х шаршының оңтүстік жағы, ордината у оның батыс жағы деп аталады. Жеке парақты картамен жұмыс істегенде абсцисса мен ордината әдетте екі санмен көрсетіледі (ондық және бірлік километрлері картаның ішкі жақтауының сыртында үлкен санмен берілген).

Картадағы өзі тұрған жер нүктесі

(Точка своего стояния на карте) — жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі.

Карталар масштабы

(Масштаб карты) — картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.

Карталар номенклатурасы

(Номенклатура карт) — көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

Карталардың жіктелуі

(Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялық немесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000; 1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000 орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000 — кіші масштабты топографиялық карталар деп аталады.

Картамен сабақ өткізу

(Занятие на картах) — оперативтік және тактикалық (тактикалық-арнайы) дайындық сабағы топтық жаттығу, оперативтік және тактикалық лездеме шешімі, штабтық дағдыландыру түрінде генералдармен және офицерлермен өткізіледі. Бұл сабақтар кез келген аймақта, ұрыс қимылдар театрының шетеддік бөлімдерінде оқу-жаттығу мәселелерін талдауға жағдай жасайды, функциялық міндеттерін орындауға кажетті дағдыларға машықтандырады.

Картаны бағдарлау

(Ориентирование карты) — белгілі бір ауданда жұмыс істеу кезінде карта жақтауының солтүстік жағы солтүстікке, ал қалғандары — тиісінше оңтүстікке, шығыс пен батысқа қаратылып орналастырылуы керек. Карта осылай орналасқан жағдайда тұрған нүктеден қоршаған жергілікті заттарға қарайғы бағыт бақылау картадағы осы бағыттарға сәйкес келеді, ал сол жерде орналасқан барлық заттардың өзара орналасуы мен олардың картадағы шартты белгілері ұқсас болып келеді. Картаны жуық мөлшерде бағдарлау көзбен жүргізілсе, неғұрлым дәл бағдарлау компас немесе визирлі (дәлдеуіш) сызғыштар арқылы жүргізіледі.

Картаны жергілікті жер сызықтары бойынша бағдарлау

(Ориентирование карты по линиям местности) — түзу сызықты жергілікті заттар (жоддар, орлар, байланыс желілері) бар болған жағдайда қолданылатын бағдарлау. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып сызықтық заттың бейнесінің бағыты картадағы оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ол одан оң және сол жақта орналасқан барлық басқа объектілердің бейнелері картада сол жақта болатындай етіп картаны бұру қажет. Егер тұру нүктесі белгілі болып, сол орыннан көрінетін бағдарлар картада белгіленген болса, онда картаны бағдар бағытына қарай бағдарлайды. Сызғышты тұрған орнының нүктесімен қандай да бір бағдармен сәйкестендіреді. Тандалып алынған бағдар көздеу сызығында тұратындай етіп сызғыштың бойымен бірге картаны бұрады. Көздеу кезінде сызғыштың бағдарға қараған шетін өзінен кері ұстау керек.

Картаны компас бойынша бағдарлау

(Ориентирование карты по компасу) — Картаны компас бойынша бағдарлау картаны дол бағдарлау үшін қолданылады. Картаны алдымен жуықтап бағдарлайды. Содан соң компасты қартаға, оның лимбісінің нөлдік диаметрі карта жақтауының бүйір жағымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Егер компастың магнит меңзерінің бұрылуы бөлігі аз болса (3 градус), онда ол есепке алынбайды. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Карта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

bg:Карта (пояснение) ca:Targeta cs:Karta de:Karte en:Card eo:Karto es:Tarjeta et:Kaart fi:Kortti fr:Carte fy:Kaart gl:Tarxeta id:Kartu io:Karto it:Carta (disambigua) ko:카드 lb:Kaart lv:Karte nl:Kaart pl:Kard ru:Карта sk:Karta sl:Karta sr:Карта th:การ์ด tl:Kard uk:Карта wa:Cwåte