Карл XI

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:43, 2015 ж. сәуірдің 24 кезіндегі Azim Nurbergen (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Martin Mijtens (I) - Charles XI of Sweden.jpg
Швеция королі Карл XI

Карл XI (1655 жыл 24 қараша - 1697 жыл 5 сәуір) - швед королі (1660-1697). 1672 жылдан өзі басқарған.

Саяси өмірі

Ол абсолютизмді нығайту, дворяндар олигархиясының өктемдігін тежеу саясатын жүргізді. 1680 жылы Карл XI аристократияның тірегі - мемлекеттік кеңестің уәкілдігіне шек қойды, 1680-1982 жылдары аристократияның қолындағы бұрынғы корольдық жерлерді күшпен тартып ала бастады. Сыртқы саясатта басқыншылық бағыт ұстады. 1680 жылдардың ортасына дейін Голландияға қарсы күресте Франциямен одақтасты, ал Францияның позициясы әлсіреген кезде, Голландия жағына шықты.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>