Исламбек Төлеубайұлы Салжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:12, 2016 ж. қарашаның 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Кәсіпкер

Исламбек Төлеубайұлы Салжанов (1969 жылы 6 қазан, Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы) - қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері.

«Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.

Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы.

Өмірбаяны

1969 жылы 6 қазан күні Ақтөбе облысының Қобда ауданында, Жиренқопа ауылында дүниеге келеен.

Мектеп бітіргеннен кейін 1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Институтты 1993 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Хирург ретінде бітіріп шығады.

1993 – 1997 Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша. Экономист.

20032005 Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Бизнес және іскерлік әкімшілік институты, Мәскеу қ., «Маркетинг және сауданы басқару» мамандығы бойынша, МВА дипломы

20112012 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Дьюк Университетінің (АҚШ) Стэнфорд мемлекеттік саясат мектебімен серіктес.

Еңбек жолы

1993 – 1998 «Мақсат Капитал» ШЖК-ның құрылтайшысы және директоры, Ақтөбе қ. (делдалдық қызмет және мұнай өнімдерінің көтерме саудасы)

1998 – 2000 «AKZHOL» қазақстан-герман бірлескен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры, (Батыс Қазақстанда ЖҚС желісін және терминалдың құрылысын жүргізу және оны іске қосу) (кәсіпорынның екінші тең құрылтайшысы - S.E.T.Select Energy GmbH компаниясының президенті Туре фон Валь мырза)

2000 – 2001 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Казахойл-Продактс» ЖШС-нің директоры («ҚазМұнайГаз» ЖҚС салу және оның жұмысын жүргізу)

2001 – 2004 «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Актобе қ.

2004 – осы уақытқа дейін «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Астана, Ақтау және Атырау қалалары

Қоғамдық қызметі

«Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.

Марапаттары

  • Мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар достығы мен ынтымақтастығының нығаюына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»медалімен марапатталған;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған;
  • Жыл сайын берілетін«Алтын жүрек» Ұлттық Қоғамдық Сыйлығының 2011 жылғы «Жыл компаниясы» номинациясының жеңімпазы;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынатын«Білім Меценаты – 2012» алтын медалінің иегері;
  • Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері - 2012» (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық байқауының «Экономикалық интеграцияны дамыту» аталымы бойынша жеңімпазы.

Дереккөздер

<references/> http://www.inform.kz/kaz/article/2547138