Искья

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:52, 2013 ж. наурыздың 15 кезіндегі Legobot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Арал

Сурет:Capri and Ischia map.png
Флегрин аралдары

Искья (Үлгі:Lang-it) Италияның шығыс жағалауындағы Тиррен теңізіндегі жанартаулы арал.

Географиясы

Кампания облысының құрамына кіреді. Капри және Прочида аралдарымен бірге Неаполитан шығанағының үш негізгі аралдарының бірі болып саналады. Аумағы 46 км² шамасында. Халқы 62 мың адам<ref>demo.istat.it 31/08/2009</ref>. Аралдың басты қаласы - Искья (18 253 адам). Искья — Неаполитан шығанағындағы ең үлкен арал (Тиррен теңізінде, Неапольден 40 шақырым және континеттен 7 шақырым).

Аралдың орталық бөлігінде Эпомео (789 м) және Тработти (512 м), ал оңтүстік-шығысында Монте-Веззи (Пьедимонте) (395 м) жанартаулары орналасқан<ref>Princeton Encyclopedia of Classical Sites</ref>. Искьядағы соңғы жанартау атылуы 1301 жылы болған.

Аралдың назар аударарлық орындары

Жергілікті назар аударарлық орындарының қатарына орта ғасырларда көне бекіністен қайта салынған Арагон қамалы жатады.

1949 жылы осында ағылшын композиторы сэр Уильям Уолтон және оның әйелі Сюзанна Гил көшті.

Батыс жағалауындағы Картароман айлағында жылы су бұлақтары, теңіз және бальнеологиялық шипажайы орналасқан. Мұнда «Эден бағы» жылы су саябағы орналасқан<ref>Искья</ref>.

Аралда вулканизммен байланысты қатты қысыммен су буының атқылауы, туристтерді сирек кездесетін табиғи көріністер көп қызықтырады.


Үлгі:Italy-geo-stub

Дереккөздер

<references/>