Иран Тасқараұлы Тасқара

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:22, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Иран Тасқараұлы Тасқара (1939 жыл 11 наурыз РКФСР Омбы облысы Тюколинск ауданы Валуев ауылдық кеңесің Қожа ауыл) - ақын, әнші, сазгер.

Әкесі - Ильяшев Тасқара Смағұлұлы, марқұм, қызметкер болған. Анасы - Ильяшева Бәтима Әбдірахманқызы, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.

  • В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының кен факультетін бітірген (1962), пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен инженері.
  • «Сағыныш» (1995), «Көкше жолы» (1999), «Тербеткен әнжыр өмірім» (2006) 3 өлең мен әндер жинағының авторы. Ақын, әнші, сазгер ретінде өз сөзіне және қазақ ақындарының өлеңдеріне 100-ден астам ән шығарған, «Көкше әуені-1», «Көкше әуені-2» екі CD-дискісін шығарған, Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және т.б. Көкшетау сал-серілерінің әндерін насихаттап және өз әндерін орындап концерттерімен өнер көрсетеді. Жас сазгерлер құрмет Сақай, Арман Ищанов, Ерлан Тәшев оның өлеңдеріне ән шығарады. 10 жасынан «домбырамен ән айту» өнерімен айналысады, сол үшін оны сал-сері өнерін жалғастырушы ретінде «Иран сал» деп атайды.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
  • 1962 жылдан - Қаныш Сәтбаев атындағы Кен-металлургия комбинатының тау-кен инженері.
  • 1963-1965 жылдары - Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының жанындағы аудандық комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1979 жылдан - ҚазКСР Мемқалатехқадағалау мекемесінің Жезқазған өңірі бастығының орынбасары.
  • 1982-1994 жылдары - «Васильков КБК» ААҚкәсіподақ комитетінің төрағасы, директордың сапа жөніндегі орынбасары (Көкшетау).
  • Қазіргі уақытта ән шығармашылығымен айналысады. Жезқазған Қалалық кеңесінің 5-ші шақырылым депутаты (1965-1967). Жезқазған кеніші Халықтың бақылауының төрағасы.

Марапаттары

  • Республикалық жас дарындар телевизиялық байқауының (1984),
  • Бүкілодақтық жас дарындар байқауының (1979),
  • ақын Кәкімбек Салықовтың сөздеріне жазылған әндерді орындаудың республикалық конкурсының (2004) лауреаты,
  • «Батаменен ел көгерер» республикалық байқауының бас лауреаты (2006),
  • «Жаңа ғасырға-жаңа жырлар» республикалық ақындар айтысының дипломанты (2000),
  • Республикалық ақындар айтысына (1985),
  • «Играй, гармонь!» (1994) және т.б. хабарларға қатысқан.

Ұстанымдары

  • Әскери атағы - отставкадағы аға лейтенант.
  • Діни көзқарасы - ислам.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың тұрақты дамуы мен гүлденуі».
  • Хоббиі - поэзия, музыка, тарих, спорт.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет, поэзия, музыкалық шығармалар, философия.
  • Үйленген. Жұбайы - Рәзия Хасенқызы (1935 жылы туған), математик, зейнеткер. қыздары - Гүлжамал (1964 жылында туған), физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің информатика кафедрасының меңгерушісі; Жанар (1970 ж. т.), математик,Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы; ұлы - Ерлан (1985 жылында туған) «Көкше-Цемент» зауытының инженер-энергетигі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub