Инсектарий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:18, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Инсектарий – жәндіктерді қолда ұстап, өсіріп, көбейетін орын. Инсектарийде зиянкес жәндіктермен биол. әдіспен күресу үшін пайдалы энтомофагтарды, токсикология, генетика, биофизика, т.б. ғылым салалары үшін лабаратория тәжірибеге өсіреді, сондай-ақ жәндіктердің тіршілігін бақылайды. Инсектарийге пестицидтер, әр түрлі зиянды паразиттердің кіріп кетпеуі үшін оны тамбурмен, терезелеріне тор құрып оқшаулайды және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерден кем дегенде 400 метрдей қашық орналастырады. Инсектарий үйлерінде ауа алмасып тұрады, қажетті ылғалдық, жарық сақталады, сондай-ақ жәндіктерді бақылау үшін арнайы орын жасалады. Құмырсқаның тіршілігін бақылау үшін арнайы формикарий деп аталатын Инсектарийді пайдаланады. Мұның ішінде ұя, құмырсқа серуендейтін, жемін жеуге шығатын орын болады.

Сурет:Insectarium Montreal1.jpg
Монреальдағы инсектарийдың бір көрме залы.