Иминишу Сылиби қаған Сымо

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иминишу Сылиби қаған Сымо<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>, Ильби Незук Ирбис – бірінші Түрік қағанатының ыдырау кезеңінде билік құрған түркі қағандары бірінің қытай деректеріндегі есімі.Қаған болғанға дейін тегін лауазымын иеленген. 618626 жылдары бірнеше рет Қытайға елшілік сапармен барып қайтқан. 630 жылдан бастап Таң императорынан әскери шен алып, түркі тайпаларына басқарушы болып тағайындалғанымен, іс жүзінде қытай императоры сарайында қызметте болды. 641 жылы Таң әулетінің ықпалымен ол өзі басқаратын тайпаны бастап солтүстікке қарай қоныс аударады, Ордостың шығыс жағындағы аймақты иеленеді. 644 жылы Иминишу Сылиби қаған Сымо түркі тайпаларының қысымына шыдай алмай Қытайға қашуға мәжбүр болды. 645 жылы ол қытай-қидан соғысына қатысқан.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub