Илья Григорьевич Боров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:12, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Боров Илья Григорьевич (5.5.1899, Украина, Кременчуг қаласы — 27.5.1961, Қырғызстан,Бішкек) — режиссер, Қазақстанның халық артисі (1936). 1919 — 22 ж Киевтің театр студиясында оқыған. 1926 ж Мәскеудегі Жоғары театр шеберханасын бітіріп, 1926 — 35 ж Иваново — Вознесенск облысында Кәсіподақ жұмысшы театрында режиссер, 1935 — 37 ж Қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі болған. Кейін Ижевск, Барнаул, Тула театрларында қызмет еткен. 1952 ж Қырғыз драма театрына ауысқан. Қазақ драма театрының сахнасында ол қойған Н.Ф. Погодиннің “Ақсүйектері”, Н.В. Гогольдің “Ревизоры” (1936), М.Әуезовтің “Алма бағындасы”, Боров Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісі” (екеуі де 1937) спектакльдері кезінде көрермендер көңілінен шығып, жоғары баға алған. Қырғыз драма театрында еңбек еткен жылдары А.М.Горькийдің “Егор Булычов және басқалар” (1953), Боров Рахмановтың “Жүрек сырлары” (1954), А.Көбегеновтің “Болат пен Тынар” және “Қарағай бұлақ” (1956, 1959), Т. Әбдімомыновтың “Әшірбай” (1957), т.б. спектакльдерін қойған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Илья Григорьевич Боров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}