Игорь Борисович Бальхозин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:28, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Игорь Борисович Бальхозин (9 тамыз 1913, Ресей, Вятка қаласы — 13 мамыр, 1988, Алматы) — театр суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966).

Өмірбаяны

  • Арнайы суретшілік білімі жоқ.
  • 1931—1933 жылдары Вятка, Вологда қалаларының театрларында суретші-көшірмеші болып істеген.
  • 1934 жылы Алматыға келіп, Мемлекеттік орыс драма театрында суретші-орындаушы (1934—1957), театрдың бас суретшісі (1958 — 1973), қоюшы-суретші (1974 — 1987) болған.

Жасаған декорациялары

Мұнда А.Грибоедовтың “Ақылдан қайғы” (1936), А.Толстойдың “Федор Иоаннович патша” (1939), К.Симоновтың “Біздің қаланың жігіті” (1941), А. Чеховтың “Ваня ағай” (1951), М. Горькийдің “Күн балалары” (1955), Н. Ановтың “Мұрагерлер” (1958), М.Әуезовтің “Түнгі сарын” (1960), У. Шекспирдің “Король Лир“ (Т. Афанасьевамен бірігіп, 1964), т.б. спектакльдерді көркемдеген. Қазақ академиялық драма театрында Горькийдің “Шыңырауда” (1946), Ә. Әбішевтің “Достық пен махаббат”, “Бір семья”, “Кім менің әкем” (1947, 1949, 1957), М. Иманжановтың “Менің махаббатым” (1953), Қ. Бекхожиннің “Ұлан асу” (1973), Республикалық корей музыкалық комедия театрында Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды” (1979) сияқты спектакльдерінің декорациясын жасаған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер