Ивлин Во

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:13, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы Артур Ивлин Сент-Джон Во Үлгі:Lang-en Үлгі:IPA; Үлгі:Туғанкүні, Лондон — Үлгі:Қайтысболғанкүні, Сомерсет) — ағылшын сатирик-жазушысы.

Автор өзінің «Құлдырау мен күйзелу» (1928), «Қолайсыз дене» (1930), «Бір уыс тозаң» (1934), «Ұмытылмас» (1947) сатиралық романдарымен танымал болған. Католиктік жағдай бейнеленген оның танымал байыпты жұмыстары мыналар: «Брайдсхедке оралу» (1945) және «Құрмет қылышы» трилогиясы («Қаруланған адамдар» (1952), «Офицерлер мен джентльмендер» (1955), «Қарсылықсыз тізе бүгу» (1961).

Ивлин Во өзінің көптеген шығармасында жоғарғы қоғам мен британдық ақсүйектерді кейде қатты келемеждейді. Бұдан басқа ол көптеген әңгімелердің, үш биография мен бірінші томы аяқталмаған автобиографияның авторы. Оның саяхат хаттары және кең көлемді күнделіктері сондай-ақ корреспонденциялары да шығарылған.

Ивлин Воның жұмыстары - атақты проза стилисті және күн сайын кеңінен елді аузына қаратқан сықақшы ретінде көпшілікті өзіне қарата білді. Оның соңғы шығармалары әлеуметтік консерватизмге, көптеген діни тұрғыда ашық және оның жұмыстары сыншылар арасында қайшылықтар туғызды. Сыншы Мартин Эмис, оның «Брайдсхедке оралу» жұмысында көрсеқызарлық «қиялды қабылдамау мен көркемдік есеңгіреу» болғанын айтқан. Басқа жақтан, американдық әдеби сыншы Эдмунд Вилсон Воның еңбегін «Бернард Шоудан басталған ағылшын әдебиетінің бірінші дәрежелі жалғыз сықақ данышпаны» деп мәлімдеді.

Ивлин Во шығармасының кейіпкерлері — алаяқ, мылжың, сандалбай, көлгірсігендерден оған Англияның джентельмендер абсурдты портретімен ұштасатын кейде гротескілік, карикатуралық ретпен және жылпостардың қиқарланған мінезінен шынайы ақкөңілдердің жымиысына дейін автордың ұнатуы мен өзгеріссіз қабылдауы бейнеленген.

Еңбектері

  • «Құлдырау мен күйзелу» (1928).
  • «Қолайсыз дене» (1930).
  • «Бір уыс тозаң» (1934).
  • «Ұмытылмас» (1947).
  • «Брайдсхедке оралу» (1945).
  • «Құрмет қылышы» трилогиясы («Қаруланған адамдар» (1952).
  • «Офицерлер мен джентльмендер» (1955).
  • «Қарсылықсыз тізе бүгу» (1961).<ref>livelib.ru</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер