Иван Павлович Щеголихин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Павлович Щеголихин (1.4.1927 ж., Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылы - 2010 жыл, Алматы) – жазушы, аудармашы, ҚР халық жазушысы.

ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1956). 1956 – 57 ж. республикалық сан.-эпидемиялық станцияда дәрігер, 1957 – 76 ж. “Советский Казахстан” (қазіргі “Простор”) журналында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды.

  • “Профессордың қызы” атты алғашқы әңгімесі 1954 ж. жарық көрді.
  • “Бұрқасын қар” романында (1960; 1977) Қазақстанға тың игеруге келген қарапайым адамдардың тағдыры суреттелген. Тың игеруге байланысты әлеумметтік және моральдық мәселелер
  • “Ақ долы” повесінде (1962) жалғасын тапты.
  • “Қызмет адамдары” романында (1988) тоқырау жылдарындағы қым-қиғаш оқиғалар, өмірдің көлеңкелі жақтары шынайы суреттелген.
  • “Бір институтта” (повестер мен әңгімелер, 1958),
  • “Тағы да таң атты” (роман, повесть, әңгіме, 1965),
  • “Ауыртпалық машинасы” (повесть, 1969),
  • “Бесінші бұрыш” (повестер, 1974),
  • “Дефицит” (роман, 1984),
  • “Іс оңғарылды, достар” (повесть, 1987), т.б. кітаптары шықты.

Аудармалары

  • С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” (1964, С.Талжановпен бірге),
  • С.Мұқановтың “Балуан шолақ” (1962, М.Бұралқиевпен бірге) және “Алыптың адымы” (1960),
  • Ғ.Мұстафиннің “Көз көрген” (1969, Т.Әлімқұловпен бірге),
  • Х.Абдуллиннің “Тұрфан аспаны астында” (1965),
  • М.Ғабдуллиннің “Менің майдандас достарым” (1951),
  • З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1981),
  • Талжановтың “Дала қыраны” (1967),
  • Ә.Шәріповтың “Партизан қызы” (1963),
  • Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1984),
  • Д.Досжановтың “Күміс керуен” (1985), т.б. романдар мен повестерді орыс тіліне аударған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 т.</ref>


Әскери атағы - отставкадағы медицина қызметінің лейтенанты.

Діни көзқарасы - «Бәрі үшін ортақ Құдайдың барына сенемін».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жағымды. Мемлекеттің болашағы жөнінде көбірек ойлау. Амандық - тек көп ұлттың достығында».

Хоббиі - спорт, бокс, жеңіл атлетика, волейбол, автомобильдер, алыс сапарларға шығу, кітап, журналдар оқу, Интернет, ескі әндер.

Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов,Ф.М.Достоевский, И.С.Бунин, В.В.Набоков, Э.Хемингуэй,Ф.Ницше.

Жұбайы - Щеголихина (Федорова) Иветта Николаевна, медицина ғылымдарының кандидаты, зейнеткер, дәрігер-кардиолог болған. Қызы - Галина, хореограф; ұлы - Андрей,марқұм, суретші болған. Немересі - Дмитрий, дизайнер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}