Иван Иосифович Белоцерковский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:17, 2015 ж. қыркүйектің 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Иван Иосифович Белоцерковский (22.12.1902, Киев облысы, Канев қаласы - 4.1.1989, Алматы) - архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы (1967). Киев құрылыс институтын бітірген (1935). 1937 - 41 ж. Алматы қаласында архитектор, 1941 — 61 ж. осы қаланың бас архитекторы, 1961 - 66 ж. Қазақстан Мемлекеттік құрылыс комитетінің "Казгорстройпроект" бас институтында шеберхана жетекшісі, 1961 - 71 ж. ҚазПТИ-де (қазіргі Қазақ Ұлттық техникалық университеті) аға оқытушы, 1971 жылдан кафедра меңгерушісі. Белоцерковский Алматы қаласындағы Абай, Ақтөбе облысында Байғанин ауданындағы Ә.Жангелдин және Байғанин ескерткіштерінің, сонымен қатар, Жамбыл ескерткіш-кесенесінің (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) жобасы авторларының бірі. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}