Ибн Маджид Ахмад

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:50, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Ахмад ибн Маджид фрагмент рукописи.jpg
Теңізде жүзу хақындағы 3 өлең

ибн Маджид Ахмад (1440, Оман – 16 ғасырдың басы) – 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген араб теңізшісі, кемемен жүзу туралы еңбектердің авторы, Үнді мұхитында жүзудің лоциясын құрастырушы.

Ол өзінің әкесі сияқты Үнді мұхитында кемелерді теңізбен алып жүзудің маманы болды. 1498 жылы ол лоцман ретінде Малемо Кана (Теңіз ісі және астрономия маманы) деген есіммен португалиялық теңізші Васко да Гама (14691524) эскадрасын Малиндиден (қазіргі Кения) Каликутқа (Үндістан) Үнді мұхиты арқылы 28 күнде алып өтті. Оның 1462 – 1501 жылдары астрономиядан, теңізде жүзуден және географиядан жазған 35 еңбегі белгілі. ибн Маджид Ахмад лоцмандық өнер жөніндегі “Теңізде жүзу ғылымының негіздері жөнінде” (“әл-Хауия”) деген кітабын өлеңмен жазды (1492). Онда жердің жақындығын көрсететін белгілер, румбылар, жел режимі баяндалады. Қызыл теңіздегі, Парсы шығанағындағы, Үнді мұхитындағы теңіз жолы және айлақтар орналасқан ендіктер көрсетілген. “Теңізде жүзу ғылымының негіздері туралы пайдалы мағлұматтар кітабы” (“Китаб әл-Фабаид”) трактатында (1489) Мадагаскар, Занзибар, Ява, Суматра және Цейлон аралдары туралы баяндалды. ибн Маджид Ахмадның Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында теңізде жүзу хақындағы 3 өлеңі сақталған. Мұнда Малабардан (Үндістан түбегінің батыс жағалауында) Софальға, Джиддадан (Сауд Арабиясы) Аденге (Йемен) дейінгі және Үндістан мен Цейлон, Ява аралдары арасындағы теңіз жолы сипатталады.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ибн Маджид Ахмад|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}