Ибадулла Айғалиұлы Таутенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибадулла Айғалиұлы Таутенов (01.01.1956 жыл, Сырдария ауданы Н.Ілиясов а.) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2005).

  • Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1978).
  • 1978 – 1992 ж. «Қазақстанның 50 жылдығы» кеңшарында бас агроном
  • кейіннен Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) аға ғылыми қызметкер болған.
  • 1992 – 2002 жж. Ы. Жақаев атынд. Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушы, 2002 жылдан кафедра меңгерушісі қызметінде.
  • Ғылыми еңбектері Сырдария өзенінің төменгі ағысының шалғынды, батпақты топырағында күріш егістігіне берілетін азот тыңайтқыштарының түрлері, оларды енгізу әдістерінің тиімділігі және күріштің минералдық қоректенуі мен өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған.
  • 67-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 монография, 4 ұсыныс, 15 оқу-әдістемелік құрал бар. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}