Зұлбұхар Махсотулы Сүйнешов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:06, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Зұлбұхар Махсотулы Сүйнешов - 1948 жылы 11 қаңтарда Гурьев облысы Құрманғазы ауданының Котяевка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сүйнешов Махсот (1917-1989). Анасы – Сүйнешова Балұя (1921 жылы туған), зейнеткер, тыл ардагері. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының экономика және басқару факультетін (1970) «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1985); Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын (1995) бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1970 жылдан - «Коммунизм жолы» кеңшарында ферма бухгалтері, кеңшар бас бухгалтөрінің орынбасары (Гурьев облысы Теңіз ауданының Алға ауылы).
  • 1974 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев облысы Теңіз аудандық комитетінің екінші хатшысы, 1975 жылдан - бірінші хатшысы.
  • 1978 жылдан - Киров атындағы кеңшар парткомының хатшысы (Гурьев облысы Теңіз ауданының Дашино ауылы).
  • 1981 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев облысы Теңіз аудандық комитетінің екінші хатшысы.
  • 1985 жылдан - Гурьев облысы Новобогат аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
  • 1988 жылдан - Гурьев облысы Махамбет аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
  • 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев облысы Исатай аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1992 жылдан - Атырау облысы Исатай ауданының әкімі.
  • 1994 жылдан – Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
  • 2002 жылдың ақпанынан – Атырау облыстық ауыл шаруашылық және балық шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.
  • 2002 жылдың сәуірінен - Атырау облысы Исатай ауданының әкімі м.а., 2002 жылдың мамырынан - аудан әкімі.
  • 2010 жылдың наурызынан бері - Атырау облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы. Атырау облыстық Халық депутаттары кеңесінің 19-шы және 20-шы шақырылымдарының депутаты (1986-1990). «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен (2005); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - капитан.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті экономикағы негізделген табысты индустриялық держава мәртебесіне қол жеткізу».

Сүйіп оқитын әдебиеті - әскери тақырыптағы әдебиет, Қазақстан тарихы.

Үйленген. Жұбайы - Сүйнешова Мәдина Мерекқызы, И. Тайманұлы атындағы Исатай аудандық мұражайының директоры. Қыздары - Сүйнешова Балзия Зұлбухарқызы Сүйнешова Гүлзия Зұлбұхарқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub