Зілқара шешен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:33, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зілқара шешен

Зілкара Байтоқаұлы 1761-1856 жылдар аралығында өмір сүрген. Орта жүз арғынның Атығай руынан шыққан әрі ақын, әрі әнші, әрі шешен, әрі би. Баласы Атығайдың Зілкара едім, Өзім би, өзім шешен, ділмар едім. Кешегі жиырма бес келсе қайтып, Дүниені оңды-солды бұлғар едім деген ел арасына таралып кеткен шешендік, тапкыр сөздері көп болған. Зілқара шешен тоқсан бес жасқа толып қартайып отырғанда бір топ адам сәлем беруге барыпты. Сонда Зілқара қария: Ертең ауыл көшеді-ау арыс-арыс, Жас баламен ерте-кеш болдық таныс. От басында қоңызбен жарысамыз, Тоқсан төрт, тоқсан беспен алысамыз, - депті. Ел арасында мұндай өлеңдердің бірнеше нұсқалары кездеседі: Зілқара шешен өзінің аталас ағайыны Құрмысы шешеннен 25 жастай Кіші екен. Сол Құрмысы шешен мал бітпеген кедей екен. Үйіне қонақ келе қалса, соярға мал таппай қысылады екен. Осыны байқаған ағайын-жұрты оған бір-бір қойдан мал жинап беріпті. Құрмысы енді алдына 40-50 мал салып, өріске жайып жүреді. Бір күні оның малы Зілқара бидің қорығына түсіп кетіпті. Зілқара атымен екпіндетіп шауып келсе, қойын жайып жүрген Құрмысы екен дейді. Зілкара зілденіп: -Мұның қалай, енді шалғы салайын деп отырған пішендігіме малыңды жайып жібергенің, басқа жайылым құрып калды ма? - депті. Сонда Құрмысы: -Зілқаражан ағаң калып еді су алып, Кісі келгенде отырсын деп жұбанып, Қонақ келсе сасып калушы еді ұялып. Ағаңа біраз ғана қой бітті деп, Біраз ғана қой жиып беріп едіңдер, Шауып келесің бе сонша куанып?-депті. Сонда Зілкара: -Тілің кесілсін, тілің, сайрауын кара монтансып, - депті де, атының басын бұрып алып кете беріпті. Шамасы, ағасын сыйлағаны, бір ашуға қимағаны шығар. -Атығай Зілқара би жасында болған-толған, өзі жеті дуан үстінен сәбетнік, балалары Әділбек, Мұса деген дуанбасы болған. Қартайған кәріліктен көргенін айтып сөйлегені. Өзі тоқсан бесте төрт тоқалы бар екен. Жолаушы бір жігіт үйіне қонайын деп отырып: -Ата, қаншаға келдіңіз? - депті. -Бұрынғының сөзін естіген жок па едің? "Жақсы көрген кісінің жасын әсте сұрама, жақсы көрген атынның тісін ашып қарама" деген. Тоқалдар шаруасына шығып кеткен соң айтыпты. - Ұргашы - еркектің дұшпаны деген. Дұшпандардың көзінше менің жасымды сұрайсың. Олар отырғанда жасым санын айтсам, тауы шағылып, көңілдері кайтып қалады. Тоқсан бесте жасым бар, төрт тоқалым бар. Ең кішісі он сегізде. Төртеуінің үйі де, ойы да төрт басқа. Күнде біреуінің қойнында жатамын, қай бір мәз қылып, жарқыратып тастайды дейсің?! Алдау, жанжалдағыш та. Атығайдан мен шыққан Зілқара едім, Өзім шешен, өзім сал, ділмар едім. Кешегі өткен жиырма бес келсе кайтып, Шетке шыкқан токдлды жинар едім. Қазық өкше киуші ем қалтылдатып, Қайтіп салдық құрайын алға жатып? Өтіп кеткен жиырма бес келсе қайтып, Жинар едім тоқалды шартылдатып. Сары алтынға боялған сақалдарым, Кейінгіге үлгі бол мақалдарым. Жұрттың қызы менікі деген басым, Кеш болғанда жортады-ау тоқалдарым. Жүре алмаймын кәрілік аяғымнан, Екі қолдап, ұстаймын таяғымнан. Көз бен көңіл, жүйрік ой алып ұшып, Әлі күдер үзбеймін баяғымнан. Көрілік түсірді ақау азуыма, Жеті дуан таң калған жазуыма. Болмашыдан қаймығып қалжырадым, Болмай жүрген Зілқара азулыға. Тоқсан бес келдің ғой сен алайын деп, Жібек баулы құрықты салайын деп. Аз ғана күн тоқсан бес шыдай тұрсаң, Өзім де ойлап жатырмын барайын деп. Қазы-қарта қазанда қайнап жатыр, Екі көзі шалыңның жайнап жатыр. Арқаны жок, жібі жоқ тұсау салып, Аяқ-қолды тоқсан бес байлап жатыр. Түтіні ащы карағай, жақтым арша, Асыл тектен кайырма кидім барша. Жеті дуан билеген Зілқара едім, Қайрат кетіп отырмын балаларша. Омбы, Семей жол салдым өгіз айдап, Өнер, шіркін, кетті ғой іште қайнап. Өткен өмір айтқанмен түк пайда жок, Әлі-ақ бір күн өтерсің сорың қайнап. <ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зілқара шешен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}