Зорлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:14, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, — үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Зорлауды:

  • Адамдартобы, алдын ала сез байласкан адамдартобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  • Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
  • Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
  • Бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса;
  • Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса, — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Зорлау:

  • Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса;
  • Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
  • Жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
  • Қоғамдык зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, — сегіз жылдан он бес жылға дейінгі

мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң