Зейнеғали Қамитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнеғали Қамитов (1916-2003), теміржолшы, Социалистік Еңбек Ері (1971). 1927-1934 ж. Жаңа ауыл ұжымшарында (қазіргі Бұқар жырау ауданында) жұмыс істеді, 1935-36 жылдары Омбы темір жолының 7-құрылыс учаскесінің жұмысшысы, 1936-37 ж. 26-жол станцияның жұмысшысы, 1938-1977 жылдары Поезд тіркеуші, құрастырушы,<ref name="ReferenceA">Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> Қарағанды-сұрыптау темір жол станцияның кезекшісі. Поездарды құрастырудың жаңа жедел тәсілдерін енгізу арқылы ерен еңбекке қол жеткізді. Жолдарды жылжымалы түрде бағыттап, диспетчер құрастырған поезды жаңа құрастырылатын поезбен бір мезгілде тарату әдісін енгізудің бастамашысы. 2 рет Ленин орденімен марапатталған.<ref name="ReferenceA"/>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}