Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева (6 наурыз, 1937, қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы, Қазақстан ауылы - 20 наурыз, 2002, Алматы) -әнші, Қазақстанның халық артисі.

Қысқаша өмірбаяны

Орындаған партиялары

Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”, М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара” операларындағы партияларды орындады.

Репертуары

Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Зейнеп Қойшыбаеваның қайталанбас дауысы, орындау мәнерінің ерекшелігі, сахналық біліктілігі оны басқа әріптестерінен айрықша даралайды. Қазақ телевидиниясы мен радиосының әншісі болып, Қазақстан композиторларының музыкалық шығармалары мен халық әндерін насихаттауда, эстрада өнерін дамытуда елеулі еңбек сіңірді.

Гастрольдік сапармен КСРО республикасында, сондай-ақ, шет елдерде де (Германия, 1971; Польша, 1979; Ауғанстан,1984; т.б.) болды.

Жетістіктері

  • Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің күміс жүлдегер (1957).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті