Жәрдем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2015 ж. сәуірдің 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

“Жәрдем”Қазақстандағы тұңғыш ұлттық баспахана. Ағайынды Сұлтан, Садық, Хасан Нығметуллиндер “Жәрдем (Ярдам) серіктігі” деген атпен 1912 жылы Семейде ұйымдастырған. Баспаханадан Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” өлеңдер жинағы (1912) мен “Қыз көрелік” романы (1912), М.Малдыбаевтың “Оқу кітабы” (1912), Шәкәрімнің “Ұмытылған Қалқаман — Мамыр” (1912), “Еңлік-Кебек” дастандары, Б.Айтқожаұлының “Шын мақсұттар” өлеңдер жинағы (1913), А.С. Пушкиннің “Дубровский]” повесінің аудармасы (“Қара сөзбен жазылған Дубровский хикаясы”, 1912), “Қазақ шежіресі”, “Төте оқу]”, т.б. кітаптар жарық көрді. 1917 — 1919 жылдары “Жәрдем”. Алаш зиялыларының ықпалында болып, “Сары Арқа” газеті мен “Абай” журналын шығарып тұрды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}