Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жәрдемов Нұртай Екпінұлы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Жаңа бетте: " 1973 жылы 8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Кескіндемеш...") |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
09:46, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
1973 жылы 8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында туған. Кескіндемеші. 1990-1994 жылдары Ресейдің Саратов қаласындағы Боголюбов атындағы көркемсурет училищесінде оқыған. 2009 жылдан Орал қалалық көрме залының жетекшісі. 2003 жылы Астана қаласындағы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, «Шеберлік класы» аталымы бойынша 1 орын алған. 2005 жылы Астанада өткен «Гүлденген Қазақстан» байқауында жүлделі 3 орынды иемденді. 2008 жылы Орал, Ақсай қалаларында «Жанымның жарығы», 2009 жылы Атырау қаласында «Жұлдызды аспан» деген атаулармен сурет көрмелері өтті. Н.Е.Жәрдемов-кескіндеме бағытында жемісті еңбектеніп жүрген дарынды суретшілердің бірі. Соңғы 1-2 жылда қазақ әуендеріне байланысты бірнеше тың дүниелерді өмірге әкелді. Қазақ халқы-музыканы ерекше қабылдайды, сырлы әлемнің терең құпиясын түйсіне біліп, жан-әлемінен өткізеді, соны кенеп бетіне түсіру, әрине шебер суретшіге байланысты. Бұл ретте Жәрдемовтың жетістігі бар.
Әдебиет
Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 66б.