Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:58, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы — ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты.

1948 ж. қарашаның 23 Ресей Федерациясы Омбы облысы, Щербакул ауданы Айбас ауылында туған.

1971 ж. С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1989 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ КСР министрі.

1996 ж. ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған.

19992001 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.

200107 жж. Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

2007 ж. қаңтар — 2008 ж. мамыр Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2008 ж. мамырдың 14 ҚР Парламенті Мәжіліс торағасының орынбасары.

Марапаттары

және медальдармен марапатталды.