Жәлел әд-Дин Мендіұрынұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жәлел әд-Дин Мендіұрынұлы ибн Ала ад-дунйа уә-ю-Д ин Әбу-д-Фатх Мұхаммед 1198/99 жылдары туған. Жәлел әд-Дин - Хорезм шаһтарының соңғы ұрпағы. Жәлел әд-Дин Шыңғыс хан жасағымен 1216 жылы алғаш рет Ырғыз өзені бойында кездесіп, әскерін майдан даласынан алып кетеді. Жәлеел әд-Диннің жас та болса, дарынды қолбасшылығы шайқаста Жошы әскерлері күннің батуымен көп жерге от жаға отырып, өздері майдан даласынан жылыстап тайып тұрады. Мұны кеш сезген хорезмдіктер «біз жеңдік» деп масаттанады. Жәлел әд-Дин әкесіне жаудың артынан қуып, талқандауды ұсынады, бірақ әкесі бұл ұсынысты қабыл алмайды. Дарынды Жәлел әд-Динді арғын руынан шыққан Айшешек шешесі үшін әжесі Теркун қатын мен кейінгі екі інісі жек көрген. Шыңғыс хан империясы әскерлерімен бетпе-бет келген ұрыстарда бұл екеуі ағаларын жау шебіне тастап кетуді әдетке айналдырған. Оның үстіне, Жәлел әд-Диннің өзінің сеніміне кіріп алған уәзірі Шараф әл-Мүліктің екі жіздылыгынен де көп азап шеккен. Осындай опасыздықтарға қарамай, Жәлел әд-Дин басқарған таңдаулы сарбаздар көптеген шайқастарда ерлік көрсетті.

Соның бірі - Шынды-Паруан шайқасы. Бұл шайқаста күйрей соққы алған Шыңғыс ханның өзі үлкен ойға қалған. Бұл саясат өз нәтижесін беріп, шешуші ұрыс тұсында Жәлел әд-Дин әскеріндегі кейбір ықпалды тайпалар майдан даласын тастап, өз колбасшысын аз ғана сенімді батырларымен жау ортасына қалдырып кеткен. Жәлел әд-Дин жау қоршауынан құтылып, өзеннің арғы бетіне өтіп, өздеріне қайта айбат шеккенде Шыңғыс хан Жәлел әд-Диннің майдандағы ерлік іс-әрекетіне риза болып, оны соңынан қуғызбаған. Үндістан шекарасынан Хорезмге оралған Жәлел әд-Дин әкесінің салы суға кетіп,ұншырғасы түскенін көреді. Бытыраған шаһ әскерінің басын кайта құрау мүмкін болмайды, Мұхаммед шаһтың әуелгі сенген балалары әкесінің сенімін ақтамайды. Қам көңіл Жәлел әд-Дин Қап тауынан әрі асады. Бұл жақтың халықтары Жәлел әд-Динге көмек бере алмайды, әзербайжан, гүржі, т.б. халықтардың өзара кикілжіңі мен алауыздығы Жәлел әд-Диннің күшті, ұйымдасқан әскер құруына кедергі болады. Жәлел әд-Дин 1231 жылы тамыз айының ортасында Майафарикан қонысының қасындағы Ғайн-Дар аралындағы бір күрдтің үйінде қайтыс болады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер