Жұмағазы Бәйімбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмағазы Бәйімбетов (1874, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы - 1931, Алматы) – Қармақшы көтерілісі жетекшілерінің бірі.

  • Бұхарадағы діни медреседе білім алған.
  • 1930 жылы Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясаты кезіндегі зорлық-зомбылығына қарсы Қармақшы ауданы шаруаларының ірі тобына басшылық жасады. Олар Жосалы станциясының солтүстік-шығыс жағындағы Қарақұм деген жерде жиналған Қазалы, Арал, Тереңөзек (Сырдария), Ырғыз аудандары көтерілісшілеріне барып қосылды. Бәйімбетов Орынбордан, Қызылордадан, Ташкенттен, Орскіден жіберілген жазалаушы отрядтарға қарсы күресте шебер ұйымдастырушы ретінде көзге түсті. Әліби Жангелдин бастаған үкіметтің арнайы комиссиясымен келіссөздер жүргізуге қатысып, ел ішіндегі саяси қуғын-сүргінді доғаруды, халықтың діни сенімін қадірлеуді талап етті. Ол көтерілісшілердің Д. Қараев бастаған тобы кеңестік билікті мойындағанына қарамастан, шағын топпен қарулы қарсылықты жалғастыра берді.
  • Бәйімбетов 1930 жылы мамырдың соңында қолға түсіп, ОГПУ “үштігінің” 21 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}