Жұлдыздық шама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

03:45, 2012 ж. қазанның 22 кезіндегі Bolatbek (Талқылауы) істеген түзету

Жұлдыздық Шама, көрінерлік Жұлдыздық шама – аспан шырақтары (жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер беті жазықтығында (шырақтар сәулесіне перпендикуляр орналасқан) жасайтын жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы жалтырауының өлшемі. Жұлдыздық шама ұғымын алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген. Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін олардың жалтырауы бойынша (ең жарық жұлдыздарды 1-шамаға, ал ең бәсеңдерін 6-шамаға жатқызып) шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға бөлген. Жұлдыздық шама (m) өзінің жарықталынуына (Е) сәйкес мына өрнектен анықталады: m=klgE+C0, мұндағы k – коэффициентінің мәні ағылшын астрономы Н.Р. Погсонның (19 ғ-дың ортасы) ұсынысы бойынша – 2,5-ке тең деп қабылданған және ол жұлдыздық шама шкаласының қадамын анықтайды, ал С0 тұрақтысы – оның нөлдік пункті. Жұлдыздық шамасы 5 бірлікке өзгергенде жарықталыну 100 есе өзгереді. Мұның үстіне шырақ неғұрлым жарығырақболса, оның Жұлдыздық шамасын өрнек-тейтін сан да соғұрлым аз болады. Жұлдыздық шамалардың мәндері оң да, теріс те болуы мүмкін. Өлшеу әдістемесіне қарай Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен анықталатын) Жұлдыздық шама, фотографиялық Жұлдыздық шама, фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және радиометриялық Жұлдыздық шама болып ажыратылады; 2) 10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының Жұлдыздық шамасын абсолют Жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют Жұлдыздық шама (көрінерлік Жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды. Абсолют Жұлдыздық шама (М) көрінерлік Жұлдыздық шамамен (m) төмендегі өрнек арқылы байланысқан: M=m+5–5 lgr, мұндағы r – пк-пен өлшенген шыраққа дейінгі қашықтық.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұлдыздық шама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}