Жұбатқан Мұратбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жұбатқан Мұратбаев (10.05.1939, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет ауылы – 30.9. 2002, Алматы) – жазушы, малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, Қарақалпақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Самарқан қаласындағы ауыл шаруашылық институтының малдәрігерлік факультетін бітірген (1961). Бұхар облысының Тамды ауданыдағы Шеңгелді малдәрігерлік бөлімінде меңгеруші, 1963 жылы Қарақалпақстан Республикасының «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы совхозда бас мал дәрігері, кейін осы сала бойынша басшы қызмет атқарған. Мұратбаевтың шығармалары 1980 жылдардың басынан қарақалпақ, қазақ, тілдерінде жариялана бастады. Оның «Жесір», «Таң жұлдыздары», «Шынар», «Парасат», «Темірқазық», «Шежіренің шыбығы», т.б. кітаптары жарық көрген. 1990 жылдан қазақ басылымдарында «Шындықты шаң баспайды», «Тәуке ханның бас әзіреті», «Қарабура әулие қайда жерленді», 1998 жылы қарақалпақ тілінде Әйтеке би жайлы «Айыр тілді, әділ үнді адам», 1999 жылы Жалаңтөс баһадүр туралы жазған «Тұран баһадүрі» еңбектері, қазақ тілінде Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында оның атында көше бар. Алтай батырға арналған «Алаштың жұлдызы» атты екі томдық кітабы жарық көрген.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұбатқан Мұратбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}