Жұбан ана күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Жұбан ана күмбезі.tif
Жұбан-Ана күмбезі

Жұбан-Ана күмбезі, Жұбан әулие – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы 189-разъезден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің солтүстік жағасында XI ғасырда ірге көтерген архитекторлық ескерткіш.


Күмбез туралы алғашқы жазба деректерді П.И. Рычков “Орынбор топографикасында” (1762) келтіреді. Ескерткіш жайында кішігірім мақала жазып, оның жоба-суретін алғаш Ш.Уәлиханов (ол бұл бейіттің Әулие сағанасы деп аталатынын жазады) сызып қалдырған (1863). Күмбез туралы әр кезде С.Б. Броневский, А.И. Левшин (1830), А.К.Красовский (1868), И.А. Кастанье (1910) жазған.

Кеңес дәуірінде академигі Ә.Марғұлан бұл ескерткішті қыпшақтардың ортағасырлық құрылысына жатқызды. Жұбан-Ана Күмбезі төрт бұрышты текше жобамен салынған. Қабырға қалауының үстінен барабан (мойындық) шығарып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Қшкі төрт бұрышында сүйірлеп шығарған михрабтары бар. Аузы оңтүстік-шығысқа қараған. Күмбезі мен барабаны шаршы кірпішпен өрілген. Ескерткіштің аумағы сыртқы периметрі бойынша 6х6 м, ішкі жағы 4х4 м, биіктігі 6 м. Іргетасы биіктігі 50 см тас тақталармен қаланған. Құрылысқа көлемі 27х27х6 см кірпіштер пайдаланылған.


Жұбан-Ана күмбезі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер