Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүсіпбек Елебеков"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жусупбек_Елебеков.JPG» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы Jcb [[commons:File:Жусупбек_Елебеков.J)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Жүсіпбек Елебеков (28 тамыз 1904, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаратау ауылы — 12 тамыз 1977, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1942).

Өмірбаяны

  • Бес-алты жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады.
  • 1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ" труппасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады.
  • 1922-30 жылдары Түрксиб темір жол құрылысы мен ет комбинатында жұмыс істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді.
  • 1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры)
  • 1935-60 жылдары Қазақ Мемлекеттік филармониясында қызмет етті.
  • 1960 жылдан "Қазақконцерттің" әнші – солисі.
  • 1933-38 жылдары Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясынан Әлібектің, "Қыз Жібек" пен "Айман-Шолпан" операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын айтты. Драмалық спектакльдерде ойнаған. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942-43 ж.) концерттік бригаданың құрамында болып, Калинин майданы жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсетті. Осы сапарында жауынгер-композитор Р.Елебаевтың "Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихаттады.
  • 1967 жылдан Қазақ эстрадалық студиясында педагогтық қызметпен айналысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Репертуары

Ж.Елебеков репертуары негізінен халықтың және халық композиторларының музыкалық құрылысы мен тілі күрделі, сыршыл әндерінен ("Ардақ", "Ағаш аяқ", "Айтбай", "Жамбас сипар", "Жиырма бес", "Қанатталды", "Құлагер", "Сегіз аяқ", "Сұржекей", т.б.) тұрады. Ол орындайтын әндерінен аса ұқыптылық, суреткерлік талғаммен қарайтын лирик әнші. Ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түседі, домбра сүймелімен образ жасайды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде (1936, 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында (1950, 1955), Моңғол Халық Республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды.

Есте сақтау

  • Ж.Елебековтың құрметіне Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген.
  • Қазақ әнінің ардағы Жүсіпбек Елебековтің 90 жылдығы тұсында Қарағандыда дүниеге келген халық әндері мен халық композиторларының әндерін орындаушы жас әншілердің облыстық байқауы өтті. Бүгінде аймаққа ғана емес, бүкіл елімізге кең танылды. Алғашқы байқаудан кейін, араға екі жыл салып өткізген Жүсіпбек Елебеков атындағы II облыстық байқау ән әлеміне бұрын танылмай келеген талай талантты таныстырды, өнер өлкесіне сәт сапар тілеп, биіктерге самғатты…
  • 1994 жылы Ж.Елебеков атындағы I республикалық байқау өтті.


Марапаттары

  • Ленин ордені
  • "Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды
  • Қазақ КСР-ң халық әртісі
  • Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968) құрметті атақтарын иеленді.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub