Жүсіпбек Арыотанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүсіпбек Арыотанов - Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. 1922 — 1925 жылдары Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған. 1925—1926жылдары «Ақ жол» газетінде редактордың орынбасары, 1926—1927 жылдары Жетісу губерниялық совет-партия мектебінің директоры, 1927 — 1928 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) оқытушысы болған. 1930—1933 жылдары Мәскеуде Қызыл профессура институтында оқыған. 1935 — 1936 жылдары Қазақтың марксизм-ленинизм институты директорының орынбасары және Бас редакторы қызметін атқарған. Кейін БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналы редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редакторлығында істеген.

1934 жылы Қазақ ОАК мүшелігіне, 1937 жылы Қазақстан К(б)Г1 Орталық Комитеті мүшелігіне және Орталық Комитетінің Бюро мүшелігіне кандидат болып сайланған.

Шығармалары

  1. Жалынды жүрек. Повесть А., «Жазушы», 1961;
  2. Сұңқар да жерді мекендейді. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  3. Таң жұлдыз. Роман. А., #«Жазушы», 1968;<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}