Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:59, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым

Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықов (20.09.1922 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында) – ғалым, гидрогеолог, геология-минералогия ғылымының докторы (1966), профессор (1968). Батыс, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында ірі гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, гидрогеологиялық жән. Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991). Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері.

Жыл Оқиға
1949 Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Техникалық университеті) бітірген
19491952 жылдарында Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасында оқыды
19521965 жылдарында Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдары институтында ғылыми қызметтер атқарды
19651987 жылдарында Қазақстан Ғылым Академиясында жаңадан құрылған Гидрогеология-гидрофизика институтында директордың орынбасары
19871994 жылдарында Қазақстан Ғылым Академиясының Жер жөніндегі бөлімшесінде академик-хатшы болды

Зерттеулер

Сыдықов көп жылдар бойы Орталық, Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жер асты суларын іздеп, барлау, табиғи және қолданылуға жарамды қорларын анықтау, көп мөлшерлі жер асты тұщы және минералды (шипалы, ыстық, тұзды) сулар қорларын тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен айналысты. Сонымен қатар гидрогеологиялық карталарды жасау, тың жерлерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, қатынас жолдары орындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әр аймақтың жер асты суларының экономиялық дамуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға тигізетін әсерін, ресурстарын қорғау бағытындағы зерттеу жұмыстарын басқарды. Арал және Каспий теңіздері алаптарындағы жер асты ағынының шаруашылықты игеруге байланысты өзгеруін болжау теориясы мен әдістерін негіздеді.

Марапаттар

Сыдықов “Халықтар достығы”, Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған (1980), алты жүз жиырмадан астам ғылыми еңбек жазған (оның ішінде қырықтан астам монографиясы бар).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}