Жүрсін Молдашұлы Ерман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрсін Молдашұлы Ерман

1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Ерманов Молдаш (1903-1957). Анасы – Ерманова Ақбала (1909-1999).

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1976) журналист мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1982) бітірген.

Ақын, публицист.

«Жанартау» (1983), «Арайлы күн, Армысың» (1985), «Ұлытауға бардың ба?» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2004), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2006), «Құстың көлеңкесі» (2008)өлеңдер мен поэмалар жинақтарының; сондай-ақ баспа беттерінде жарияланған 100-ге жуық мақаланың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1966 жылдан - «Октябрь туы» аудандық газетінің әдеби қызметкері. 1971 жылдан - Жезқазған қалалық телевизиясының аға рөдакторы. 1978 жылдан - Қазақ республикалық телевизиясының бас редакторы. 1992-1994 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетіндегі поэзия бөлімінің меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - «Жұлдыз» журналындағы поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2003 жылдан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері. 2006 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейін -«Қазақстан» РТРК Қазақ республикалық радио бас директоры.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. «Ана тілі» халықаралық қоғамының құрметті мүшесі.Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2008). Әскери атағы - запастағы офицер.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - К.Маркс, А.Байтұрсынов. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».

Хоббиі

Хоббиі - бильярд, аңшылық.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Ерманова Бақытжамал, теледидар дикторы. Қыздары - Қызғалдақ, Ардақ; ұлы - Дархан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub